"2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 163 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 қарашадағы N 232 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қарашада N 2990 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихаты аппаратының 2015 жылғы 2 ақпандағы N 12.2.6-18/23 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихаты аппаратының 02.02.2015 N 12.2.6-18/23 хаты).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 163 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 2686 болып тіркелген, "Тайынша Таңы" 2014 жылғы 16 мамырдағы аудандық газетінде, "Тайыншинские вести" 2014 жылғы 16 мамырдағы аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданы мәслихатының
      XXХІ-ші сессиясының төрағасы

Н. Қошқарбаев

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданы
      мәслихатының хатшысы

Қ. Шәріпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады