Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 8-13 с (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі Кішкенекөл ауылының көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің Кішкенекөл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V шақырылған ХХІ | Уәлиханов аудандық |
сессия төрағасы | мәслихаттың хатшысы |
М. Балтабаев | Б. Кәдіров |
Уәлиханов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 13-21 с шешіміне қосымша |
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі Кішкенекөл ауылының көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Кішкенекөл ауыл көшелерінің атауы | Кішкенекөл ауылының көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Амангелді | 9 |
Кішкенекөл | 15 |
Набережный | 13 |
Сәкен Сейфуллин атындағы | 33 |
Смағұл Садвакасов атындағы | 23 |
Гагарин | 24 |
ШоқанУәлиханов атындағы | 23 |
Сабыр Мәликов атындағы | 33 |
Абай атындағы | 36 |
Жамбыл атындағы | 34 |
Мир | 15 |
Сабит Мұқанов атындағы | 12 |
Қаракөл | 6 |
Сұлтанғазы Хасенов атындағы | 6 |
Социалистік еңбек ері | 4 |
Северный | 3 |
Элеваторный | 4 |
Ұлы отан соғысының ардагері Мұрзахмет Гибадилов атындағы | 4 |
Карл Миллер атындағы | 8 |
Островский атындағы | 8 |
Вокзальный | 12 |
ДЭУ-59 | 3 |
Ветеринарлық | 4 |
Абылай хан атындағы | 7 |
Мәншүк Мәметқызы атындағы | 2 |
Совет Одағының батыры Әлия Молдағұлқызы атындағы | 2 |
Мүтәша Сыздықов атындағы | 10 |
Солтан Бижанов атындағы | 7 |
Талгат Шайсұлтанов атындағы | 2 |
Зеленый | 1 |
Ахметжан Қазымбетов атындағы | 6 |
Имақ Исаұлы Тоқпанов атындағы | 3 |
Нефтебаз | 1 |
Строительный | 14 |
Южный | 5 |
Аубакіров атындағы | 3 |
Жамбыл атындағы | 3 |
Уәлиханов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 13-21 с шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің Кішкенекөл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің Кішкенекөл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі Кішкенекөл ауылының көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі Кішкенекөл ауылының көше, көппәтерлі тұрғын үй бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиын Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі шақырады.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Нұрлы ел", "Кызылту" газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі Кішкенекөл ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі Кішкенекөл ауылының көше, көппәтерлі тұрғын үй қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі Кішкенекөл ауылының көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Уәлиханов аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Кішкенекөл ауылының көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.