"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының ХХV сессиясының төрағасы |
Е. Кузичева |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы |
Н. Дятлов |
"КЕЛІСІЛГЕН" Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
С. Ескендіров |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/1 шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұратын әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (одан әрі - Қағида), әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін, мөлшерлерін белгілейді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Сергеевка қаласы әкімінің немесе селолық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда Шал ақын ауданының әкімдігі көрсететін көмек түсініледі.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек біржолғы көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) жетімдік;
2) ата-ана қамқоршылығының болмауы;
3) кәмелет жасына толмағандардың қараусыздығы, оның ішінде девианттық мінез-құлқы;
4) балалардың туғанынан үш жасқа дейін ерте психофизикалық дамуының мүмкіндіктерінің шектеулігі;
5) физикалық және (немесе) ақыл-ой мүмкіндігі себебінен ағза функциясының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік мәні бар ауру және қоршаған орта үшін қауіпті аурулар салдарынан тіршілік әрекетінің шектеулігі;
7) жасы ұлғайғандықтан, ауырған ауру салдарынан және (немесе) мүгедектікке байланысты өзіне қызмет көрсете алмау;
8) әлеуметтік дезадаптация және әлеуметтік депривацияға соққан қатал ұстау;
9) баспанасыздық (тұрақты тұратын баспанасы жоқ тұлғалар);
10) бас бостандығын айыратын жерден босатылу;
11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұру;
12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурудың бар болуы;
13) Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты белгілейтін шектен аспайтын ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
14) Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
15) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 29.08.2014 N 31/1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару барысында азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысында көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек Алушылардан өтініштер талап етпей, уәкілетті орган немесе басқа да мекемелер ұсынумен Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудан әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, село, селолық округ әкіміне өтінішке қоса келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
3) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес тұлғаның (отбасының) құрамы туралы мәлімет;
4) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәлімет;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.
13. Құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде салыстырып тексеру үшін ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскенде уәкілетті орган немесе кент, село, селолық округінің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жолдайды.
15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 4, 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, село, селолық округ әкіміне жолдайды.
Селолық округ, кент, село әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жолдайды.
16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе селолық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе селолық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
21. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
22. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) өтініш беруші тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқанда;
3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқанда.
24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
25. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:1) Алушының қайтыс болуы;
2) Алушының Шал ақын аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кетуі;
3) Алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберуі;
4) Алушының ұсынған мәліметтердің дәйексіздігінің анықталуы.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігінің
Тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 31.03.2014 N 36/4 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 2-қосымша |
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайы туындауғанда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
Тізбегі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 29.08.2014 N 31/1 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді).№ р/н | Әлеуметтік көмекті алушылар санаты | Әлеуметтік көмектің шекті көлемі | Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі |
1 | Жетімдер; ата-ана қамқоршылығынан айырылғандар; қараусыз кәмелет жасына толмағандар, оның ішінде девианттық мінез-құлығы барлар; туғаннан үш жасқа дейін ерте психофизикалық дамуының мүмкіндігі шектеулі балалар; әлеуметтік мәні бар ауру және қоршаған орта үшін қауіпті аурулар салдарынан тіршілік әрекетінің шектеулі тұлғалар; жасы ұлғайған шақтыққа, ауырған ауру салдарына және (немесе) мүгедектікке байланысты өзіне қызмет көрсете алмайтын тіршілік әрекеті шектелген тұлғалар; әлеуметтік дезадаптация және әлеуметтік депривацияға әкелген қатал ұстаудан азап шеккен тұлғалар; баспанасыздар (тұрақты тұратын баспанасыз тұлға); бас бостандығын айыратын жерден босатылған тұлғалар; қылмыстық-атқару инспекциясының пробация есебі қызметінде тұрған | 10 айлық есептік көрсеткіштен көп емес | Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 айдан кеш емес |
2 | Шал ақын аумағында тұратын Төтенше жағдайға ұшырап, зардап шеккен отбасыларға, (мүгедек балалар), орташа кіріспен 1,5 ең төменгі күн көріс мөлшері | 60 айлық есептік көрсеткіш | Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 айдан кеш емес |
3 | Қазақстан Республикасының аймағында ең төменгі күн көріс мөлшері 1 азқамтылған отбастары, орташа табысты, және де балаларын жоғары білім алуға мүмкіншілігі жоқ, табыс жиынтығы күнкөріс деңгей шегінен төмен азаматтар. | Оқу жылына сәйкес оқу төлем ақысы | Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 айдан кеш емес |
4 | Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында тұратын әлеуметтік маңызды ауруы бар(белсенді туберкулез ауруы гемодиализ) азаматтар | 5 айлық есептік көрсеткіш | Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 айдан кеш емес |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша |
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
_________________________ ________________________(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Р/с № | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
| | | |
| | | |
| | | |
отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
(қолы)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 4-қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
_____________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________
2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
__________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
өмірлік қиын жағдай
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
адам, оның ішінде:
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____
адам.
Балалардың саны: ______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______
адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы
мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан
қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер,
туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,
мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты
қосу керек)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,
жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй
кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
__________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
__________________________________________________________________
_______________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып
жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен
мәлімделген табыс) __________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
__________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш
берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
__________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 5-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
нәтижелерінің негізінде
__________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________