"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы N 31/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қыркүйекте N 2945 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 44/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 23.12.2015 N 44/4 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/1 шешіміне (2014 жылдың 3 наурызында № 2580 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркелген, 2014 жылдың 14 наурызында аудандық "Бірінші сөз" газетінде, 2014 жылдың 14 наурызында аудандық "Первое слово" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1. Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларының (әрі қарай - Қағида) 8-тармағының екінші абзацы келесі мазмұндағы 14) және 15)-тармақшаларымен толықтырылсын:
      "14) Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
      15) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар."
      Қағиданың 1 және 2-қосымшасы осы шешімге 1 және 2-қосымша ретінде жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының
ХХХІ сессиясының төрағасы
С. Руткаускас
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Н. Дятлов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
2014 жылғы 29 тамыз
Е. Сұлтанов

  Шал ақын ауданы мәслихатының
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 31/1 шешіміне
1-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларына
1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігінің
Тізбесі

№ т/т
Естелік даталар мен мерекелік күндер
Азаматтардың санаттары
Әлеуметтік көмек бөлгіштігі мен көлемі, (Айлық Есептік Көрсеткіш)
1
15 ақпан - Ауғанстан аумағынан бұрыңғы КСРО әскерін шығару күні
Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің әскери қызметкерлері, басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік іс-қимылдарда қатысқан бұрыңғы ССР Одағы (әскери мамандар мен кеңесшілерді қосқанда) ішкі істер Министрлігі құрамының басшысы мен қатардағы тұлғалар; жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу кезіндегі Ауғанстанға бағытталған және оқу жиылымдарына шақырылған әскери міндеттілер; жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу кезіндегі бұл елге жүктерді жеткізуге Ауғанстанға бағытталған әскери міндетті автокөлік батальондары; бұрыңғы ССР Одағы аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік іс-қимылдармен ұшқан әскери міндеттілердің ұшқыш құрамы; мертіккен немесе зақымданған, жараланған Ауғанстандағы совет әскери құрамына қызмет еткен жұмысшылар мен қызметкерлер немесе жауынгерлік іс-қимылдарды қамтуда қатысқаны үшін бұрыңғы ССР Одағы медаль және ордендарымен марапатталғандар.
15 АЕК, біржолғы, жылына 1 рет
Жауынгерлік іс-қимылдар жүрген Ауғанстанда немес басқа мемлекеттерде әскери қызметін өтеу кезіндегі фронтта болған аурулар салдарынан немесе қызметтік міндеттерін орындау кезінде, бұрыңғы ССР Одағын қорғау кезінде мертіккен, зақымданған, жаралану салдарынан мүгедек болған әскери қызметкерлер.
15 АЕК, біржолғы, жылына 1 рет
Жауынгерлік іс-қимылдар кезінде алған зақымдар, мертігу немесе аурулар салдарынан мүгедек болған басқа елдердегі әскери құрамдарындағы сәйкес санаттағы жұмысшылар мен қызметкерлер.
15 АЕК, біржолғы, жылына 1 рет
Жауынгерлік іс-қимылдар болған Ауғанстан немесе басқа мемлекеттерде жауынгерлік іс-қимылдар кезінде алған зақымдар, мертігу немесе аурулар салдарынан алған зақымдар, мертігу немесе аурулар салдарынан қаза болған (хабарсыз жоғалған) өлген әскери қызметшілердің отбасылары
15 АЕК, біржолғы, жылына 1 рет
Жауынгерлік іс-қимылдар кезінде басқа қалаларда және 1979 жылдың 1 желтоқсанынан 1989 жылдың желтоқсанына дейін Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.
15 АЕК, біржолғы, жылына 1 рет
Совет әскерінің шектелген құрамына кірмейтін және Ауғанстан аумағында уақытша болған бұрыңғы ССР Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жұмысшылары мен қызметшілері.
15 АЕК, біржолғы, жылына 1 рет
2
8 наурыз - "Халықаралық әйелдер күні"
Көп балалы аналар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, I және II дәрежелі "Ана Даңқы" орденімен марапатталғандар немесе бұдан бұрын "Батыр-Ана" атағын алғандар.
5 АЕК, біржолғы, жылына 1 рет
3
26 сәуір - "Чернобыль атомдық электростансасындағы апатты еске алу күн"
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атомдық электростансасындағы зардаптары салдарын жоюға, басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптарға, сонымен қатар ядролық зерттеулер мен оқуларға қатысқан тұлғалар.
15 АЕК біржолғы жылына 1 рет
Чернобыль атомдық электростансасындағы апатының және басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптар, ядролық қару зерттеуі және олардың балалары ата-ананың біреуі радиациялық сәулеге байланысты мүгедек болған тұлғалар.
15 АЕК біржолғы жылына 1 рет
Чернобыль атомдық электростансасындағы апатын және басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптарын жою салдарынан қайтқан тұлғалардың отбасылары.
15 АЕК біржолғы жылына 1 рет
Чернобыль атомдық электростансасындағы апатының және басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптардың ықпалына байланысты белгіленген тізімде қаза болған азаматтар, сонымен қатар сәулелердің салдарынан ауру болып және мүгедек болып қаза болғандардың отбасылары.
15 АЕК біржолғы жылына 1 рет
1988 - 1989 жылдары Чернобыль атомдық электростансасындағы зардаптары салдарын жоюға қатысқан, Қазақстан Республикасына мүлкін алу және жер аудару зоналарынан көшірілген (өздігінен кеткен), көшіру күні ішіндегі жағдайда болған балаларын қосқанда тұлғалар
15 АЕК біржолғы жылына 1 рет
4
9 мамыр - Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күні
Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері
50 АЕК, жылына бір рет (2015 ж 9 мамырынан басқа)
Қолданыстағы әскердің құрамындағы әскери қызметшілерге белгіленген жәрдемақы тағайындауға сіңірген еңбегіне 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін саналатын қалаларды қорғауға қатысқан Ұлы Отан соғысы кезінде бұрыңғы ССР Одағы мемлекеттік қауіпсіздігін және ішкі істер қатарындағы басшы тұлғалар және әскери қызметкерлер.
5 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
Қолданыстағы әскердің құрамындағы әскери қызметшілерге белгіленген жәрдемақы тағайындауға сіңірген еңбегіне 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін саналатын қалаларды қорғауға қатысқан Ұлы Отан соғысы кезінде қолданыстағы әскер құрамына кіретін, штабтар, әскери бөлімдерде штаттық лауазымдағылар, бұрыңғы ССР Одағы мемлекеттік қауіпсіздігін және ішкі істер органдары мен әскер, Әскери-Теңіз Флоты, Совет Армиясының құрамындағы еркін жалдамалы тұлғалар.
5 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
Ұлы Отан соғысы кезінде полк баласы (тәрбиеленуші) юнга ретінде флот және армия құрамына кіретін штабтар мен мекемелер құрамына кірген тұлғалар
5 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
Фашистке қарсы және басқа астыртын партизандар отряды құрамындағы фашистік Германия және оның одақтастарына қарсы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шет елдік елдерде жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан тұлғалар.
5 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
Басқа мемлекеттер порттарында Ұлы Отан соғысы басында құрылған су флоты экипажы мүшелері, Ұлы Отан соғысы кезінде ағымдағы фронттар шекарасында тапсырмаларды орындау және әскери қызметші ретіндегі, бұрыңғы КСР Одағы балық өнеркәсібінің халық коммисариаты, ұшу авиация және көлік және кәсіпшілік құрамдағы байланысты Халық комиссариаты, хабарлау жолындағы Халық комиссариаты арнайы құрылған жұмысшылар.
5 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
Қаланың ұйымдары мен мекемелерінде Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медельмен және "Блокадтық ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар
10 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистер мен оның одақтастарымен құрылған концлагерь, гетто мен мәжбүрлеу орындарының кәмілетке толмаған бұрыңғы тұтқындар.
10 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
Бұрыңғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдары құрамындағы қатардағы және басшы тұлғалалар, жауынгерлік іс-шаралар болған фронтта мемлекеттегі қызметтік міндеттерді орындау немесе фронтта болуына байланысты немесе қызметін атқару кезінде мертігу, зақым алу және жаралану салдарынган мүгедек болғандар.
5 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсаны аралығында Украин КСР, Белорус КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстон КСР аумағында халықты қорғау жауынгерлері және атқыштар батальоны, взводы мен отрядтарында соғыс жүргізген, осы батальондардың, взводтар мен отрядтардың қызметін атқару кезінде мүгедек болған, зақым алған, контузия алған тұлғалар.
5 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
Ұлы Отан соғысында жергілікті әуеге қарсы қорғаныстың апаттық командасы мен нысандардың қорғаныс тобының жеке құрамында қаза болғандардың отбасылары, Ленинград қаласының госпиталі мен ауруханаларының қаза болған жұмысшыларының отбасылары.
5 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
"Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы аурулардың, еңбек зақымдарының және басқа да себептердің (құқыққа қарсыдан басқа) нәтижесінде мүгедек болып танылғандар, қаза болған соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдардың басқа некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), сонымен қатар қаза болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың әйелдері (күйеулері)
10 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
 
 
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен жақсы әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдармен марапатталған тұлғалар
10 АЕК, Біржолғы жылына бір рет (2015 ж 9 мамырдан басқа)
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларды шығарып салушыларға, қайтқан жауынгерлер жерленген жерлерге Тәуелсіз Мемлекеттер Достатығы елдеріне баруға әр адамға көрсеткіші көлемінде шығыстар төлену.
ҰОС қатысушысы мен мүгедегінің және оны алып жүрген тұлғаның жол жүру құнының 100 % (2015 жылғы 9 мамыр)
5
7 мамыр - "Отан қорғаушылар күні"
Қоғамға қарсы әрекеттерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындау кезінде қаза (қайтыс) болған, Қорғаныс министрлігінің, бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери міндетіне шақырылған әскери қызметшілердің, басшылық және қатардағы құрамдағылардың отбасылары
5 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеп жүргенде қаза (қайтыс) болған әскери қызметшілердің отбасылары
5 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
6
31 мамыр - "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні"
Бұрынғы КСРО аумағында саяси қуғын-сүргінге тап болған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдар
15 АЕК, Біржолғы жылына бір рет
7
30 тамыз - "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"
Қазақстан Республикасының ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңыздағы дербес зейнеткер дәрежесіндегі зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары
10 АЕК, Біржолғы жылына бір рет

  Шал ақын ауданы
мәслихатының
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 31/1 шешіміне
2-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларына
2-қосымша

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайы туындауғанда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
Тізбегі

№ р/н
Әлеуметтік көмекті алушылар санаты
Әлеуметтік көмектің шекті көлемі
Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі
1
Жетімдер;
ата-ана қамқоршылығынан айырылғандар;
қараусыз кәмелет жасына толмағандар, оның ішінде девианттық мінез-құлығы барлар;
туғаннан үш жасқа дейін ерте психофизикалық дамуының мүмкіндігі шектеулі балалар;
әлеуметтік мәні бар ауру және қоршаған орта үшін қауіпті аурулар салдарынан тіршілік әрекетінің шектеулі тұлғалар;
жасы ұлғайған шақтыққа, ауырған ауру салдарына және (немесе) мүгедектікке байланысты өзіне қызмет көрсете алмайтын тіршілік әрекеті шектелген тұлғалар;
әлеуметтік дезадаптация және әлеуметтік депривацияға әкелген қатал ұстаудан азап шеккен тұлғалар;
баспанасыздар (тұрақты тұратын баспанасыз тұлға);
бас бостандығын айыратын жерден босатылған тұлғалар;
қылмыстық-атқару инспекциясының пробация есебі қызметінде тұрған
10 айлық есептік көрсеткіштен көп емес
Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 айдан кеш емес
2
Шал ақын аумағында тұратын Төтенше жағдайға ұшырап, зардап шеккен отбасыларға, (мүгедек балалар), орташа кіріспен 1,5 ең төменгі күн көріс мөлшері
60 айлық есептік көрсеткіш
Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 айдан кеш емес
3
Қазақстан Республикасының аймағында ең төменгі күн көріс мөлшері 1 азқамтылған отбастары, орташа табысты, және де балаларын жоғары білім алуға мүмкіншілігі жоқ, табыс жиынтығы күнкөріс деңгей шегінен төмен азаматтар.
Оқу жылына сәйкес оқу төлем ақысы
Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 айдан кеш емес
4
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында тұратын әлеуметтік маңызды ауруы бар (белсенді туберкулез ауруы гемодиализ) азаматтар
5 айлық есептік көрсеткіш
Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 айдан кеш емес

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады