Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 19/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Шал ақын ауданы мәслихаты | |
XXV сессиясының төрағасы | Е. Кузичева |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Шал ақын ауданы | |
мәслихатының хатшысы | Н. Дятлов |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/6 шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округ бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округ тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын белгілейді.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу қағидалары
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округінің әкімі шақырады.
Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округ ауылдары шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашу алдында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощековауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округі ауылдары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/6 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 15.01.2021 № 1/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Елді мекеннің атауы | Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Кривощеков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округінің Кривощеково ауылының тұрғындарына | 62 |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округінің Алқағаш ауылының тұрғындарына | 14 |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округінің Социал ауылының тұрғындарына | 13 |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Кривощеков ауылдық округінің Ровное ауылының тұрғындарына | 10 |