Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 158 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2734 тіркелген, 2013 жылғы 20 шілдедегі "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
2) 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын";
3) қосымшасында:
атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі";
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.М. Мұқанға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
"Келісілді"
Атырау облысы мәслихаты
сессиясының төрағасы ________________________________________ С.Дүйсенғалиев
29 тамыз 2014 жыл
"Келісілді"
Атырау облыстық мәслихатының хатшысы _______________________ С. Лұқпанов
29 тамыз 2014 жыл