Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 158 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 маусымда № 2734 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 08.01.2016 № 2 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      Ескерту. Қаулының атауы Атырау облысы әкімдігінің 29.08.2014 № 271 қаулысының редакциясында (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына және V шақырылған облыстық мәслихаттың XIII сессиясының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 123-V "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдардың тізбесімен келісу туралы" шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 29.08.2014 № 271 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
Б. Ізмұхамбетов

      "Келісілді"
      Атырау облысы мәслихаты
сессиясының төрайымы_______________________М. Қаражігітова
      26 сәуір 2013 жыл
      "Келісілді"
      Атырау облысы мәслихатының хатшысы_________С. Лұқпанов
26 сәуір 2013 жыл

  Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 158 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 29.08.2014 № 271 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі).

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі 1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      ұйымының басшысы;
      ұйымының басшысының орынбасары;
      ұйымының құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы (бас дәрiгер, директор, аға дәрiгер, меңгерушi, бастық);
      клиникалық бөлімшенің меңгерушісі;
      параклиникалық бөлімшенің меңгерушісі;
      барлық мамандықтағы дәрігерлер;
      бас мейірбике;
      аға мейірбике;
      барлық мамандықтағы мейірбике;
      акушер;
      фельдшер;
      медициналық зертханашы;
      рентген зертханашысы;
      медициналық статистик;
      медициналық тіркеуші;
      дәріхана меңгерушісі;
      провизор, фармацевт;
      емдәм мейірбикесі;
      психолог маман;
      денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер;
      дезинфектор.

2. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман;
      барлық мамандықтағы дәрiгерлер;
      орта медициналық персонал;
      психолог;
      нұсқаушы;
      мәдени ұйымдастырушы;
      музыкалық жетекші.

3. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:

      бiлiм беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалiмдерi;
      колледждiң, арнайы түзету ұйымдары мен барлық түрдегi және үлгiдегi интернаттық ұйымдардың директоры (бастығы, меңгерушiсi);
      балалар үйi, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйi-интернаты директоры (меңгерушiсi);
      алғашқы әскери даярлық жетекшiсi, оқытушы-ұйымдастырушысы (оқу орнындағы әскери жетекші);
      жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң, мектеп-интернаттардың және бастауыш, техникалық және кәсiптiк бiлiм, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм, қосымша бiлiм берудiң басқа да ұйымдарындағы директордың (бастықтың), оқу iсi, оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары, мектептердiң, мектеп-интернаттардың жұмыстары жөнiндегi орынбасары;
      әлеуметтiк педагог;
      педагог-ұйымдастырушы;
      тiлдерi мүкiс балалармен жұмыс iстейтiн мұғалiм (оқу орындарындағы тiлдерi мүкiс балалармен жұмыс iстейтiн мұғалiм);
      педагог-психолог;
      кемiс балалармен жұмыс iстейтiн мұғалiм (дефектолог);
      оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын спорт жөнiндегi жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөнiндегi аға жаттықтырушы-оқытушы;
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушiсi;
      оқу-өндiрiстiк (оқу) шеберхана меңгерушiсi (бiлiм беру ұйымдарында);
      оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтарындағы (кешендерiндегi) нұсқаушы, әдiскер, тәрбиешi, өндiрiстiк оқыту шеберi;
      аға шебер, өндiрiстiк оқыту шеберi;
      оқу-тәрбие жұмысымен тiкелей айналысатын музыкалық жетекшi (балалардың мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарынан басқа);
      оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығы (кешені) директорының орынбасары;
      білім беру ұйымдарында оқу бөлімінің меңгерушісі.

4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      мәдениет мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы;
      мәдениет мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      көркемдік жетекші, мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесі, филиалы басшысының орынбасары;
      сектор бөлімшесінің (бөлімінің) бөлімше филиал басшысы;
      меңгерушісі: труппа, бөлім (көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық), кітапхана, клуб;
      бас әкімші, балетмейстер, дирижер, дыбыс режиссеры, инспектор, кинооператор, режиссер, хормейстер, суретші, ғылыми қызметкер (оның ішінде аға, кіші), аккомпониатор, актер, әртіс, библиограф, кітапханашы, өнертанушы, кинорежиссер, концертмейстер, әдістемеші, музыкалық жетекші, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аудармашы, режиссердың көмекшісі, продюсер, қоюшы-режиссер, репетитор, солист, хореограф, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), экскурсовод, мәдени ұйымдастырушы, режиссердің ассистенті, кино бейнепроекциялық аппаратура басқару пультінің операторы, үйірме жетекшісі;
      мемлекеттік мұрағат мекемесінің директоры;
      мұрағатшы, қор сақтаушы.

5. Спорт мамандарының лауазымдары:

      мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы;
      мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      әдiстемешi;
      аға жаттықтырушы, жаттықтырушы;
      барлық мамандықтағы дәрігерлер;
      медициналық бике;
      спорт құрылыстарының меңгерушісі;
      фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады