Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына және Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 213 "Қызылқоға ауданы әкімінің 9 (тоғыз) бірлік автомобильді жекешелендіру жөніндегі ұсынысымен келісу туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық меншіктегі мүлік жекешелендірілсін.
2. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүліктерді жекешелендіру туралы аукционды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Әжіғалиевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: | М. Мұқанов |
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 142 қаулысына қосымша |
№ | Маркасы | Шыққан жылы | Тіркеу нөмері | Теңгерім ұстаушысы, мемлекеттік мекеме |
1 | Toyota Prado | 2006 | Е 149 РК | "Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты" ММ |
2 | УАЗ 31519-095-02 | 2004 | Е 178 BK | "Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ |
3 | УАЗ 315195-023 | 2004 | Е 332 BF | "Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі" ММ |
4 | УАЗ 31519-095-02 | 2004 | E 728 BX | "Қызылқоға аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ |
5 | УАЗ 31519-037 | 2005 | E 880 BE | "Атырау облысы Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ |
6 | ГАЗ 53 | 1987 | E 320 AN | ММ "Кенбай орта мектебі" |
7 | ВАЗ 21213 | 2001 | E 294 BF | ММ "Кенбай орта мектебі" |
8 | ВАЗ 21213 | 2001 | E 493 BK | "Қызылқоға аудандық Ш.Т. Еркінов атындағы орта мектеп" ММ |