Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 10.06.2014 № 205-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 6 ақпандағы № 75-V "Индер ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2708 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2013 жылы 28 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 4 тармақта:
"2 тармағының 4) тармақшасы" деген сөздерден кейін "және 7 тармағының 9) тармақшасы" сөздермен толықтырылсын;
2) қағиданың 7 тармағының 3) тармақшасы:
уәкілетті органға:
келесі редакцияда жазылсын:
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және /немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;"
4) қағиданың 9 тармағының 3) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді, орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"3) размер потребления природного газа для жителей устанавливается по оплаченному счету квитанции за природный газ;".
3. Осы шешімнің 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1 тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен
ХХ сессиясының төрағасы Р. Аяпбергенов
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров