Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 16.09.2015 № 303-V шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбына өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 05.12.2014 № 242-V шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі:
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 217 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат кезектен тыс ХХІІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 05.12.2014 № 242-V шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А. Доспаева) жүктелсін.
3. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" № 196-V шешімі жойылсын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХІІІ сессиясының төрағасы Ж. Амантурлин
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров