Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 303-V шешімі

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
      2. Шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХХХІІ сессиясының төрағасы                 Ғ. Зайдекенов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Б. Сапаров

Аудандық мәслихаттың 
2015 жылғы16 қыркүйектегі
кезекті ХХХІІ сессиясының
№ 303-V шешіміне қосымша

Аудандық мәслихаттың күші жойылған шешімдерінің тізбесі:

      1. Индер аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 203-V "Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2943 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2014 жылғы 3 шілдеде жарияланған).
      2. Индер аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 204-V "Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2944 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2014 жылғы 10 шілдеде жарияланған).
      3. Индер аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 242-V "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 10 маусымдағы № 204-V "Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3061 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2014 жылғы 8 қаңтарда жарияланған).
      4. Индер аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250-V "Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3076 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2015 жылғы 15 қаңтарда жарияланған).
      5. Индер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 264-V "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250-V "Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3166 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2015 жылғы 23 сәуірде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады