Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 21.10.2014 № 349 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6 тармағы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа алып, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Индер ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Д. Шамұратовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Арыстан
"КЕЛІСІЛДІ"
Индер аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы: Б. Құнас
3 қыркүйек 2014 жыл
Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 3 қыркүйек
№ 306 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ |
Елді мекеннің атауы |
Орналасқан жері |
Орналасу үшін нысанның атауы |
1 |
Индербор кенті |
Қонаев көшесі № 14 |
Облыстық "Қазпочта" АҚ филиалының Индер аудандық пошта байланыс торабы ғимаратының алдындағы стенд |
2 |
Индербор кенті |
Оңдасынов тұйық көшесі № 3 үй |
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимаратының алдындағы стенд |