Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабына және Қазақстан Республикаы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің алдын-ала келісіміне сәйкес, аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
С. Арыстан |
Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 13 қазан № 341
қаулысына қосымша
Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі
№ |
Мүлік атауы |
Шығарылған (салынған) жылы |
Теңгерім ұстаушысы |
1 |
Toyota Land Cruiser автокөлігі, тіркеу нөмірі 044RK06 |
2000 |
«Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
2 |
Балабақша жылу қазандығының ғимараты, жалпы ауданы 107,2 шаршы метр |
1980 |
«Өрлік селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |