Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 29.12.2014 № 354 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Бұхарбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Умаров |
КЕЛІСІЛДІ: Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы 02.09. 2014 ж. |
Ә. Ерғожиев |
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 02 қыркүйектегі № 233 қаулысына қосымша |