Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 01.04.2015 № 85 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 18 ақпанындағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 4 тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидия нормативі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар бекітілсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспановқа жүктелсін.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
_______________Г.С.Исаева
«28» 03 2014 жыл
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы 28 наурыз
№ 72 қаулысына
1-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидия нормативі
№ |
Субсидиялау бағыты |
Өлшем бірлігі |
1 бірлікке арналған субсидия нормативтері, теңге |
Ірі қара мал шаруашылығы |
|||
1 |
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру |
бас |
2 671,91 |
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы 28 наурыз
№ 72 қаулысына
2-қосымша
Жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар
Р/с № |
Субсидиялау бағыттары |
Өлшемдер мен талаптар |
1. |
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру |
1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болу. |