Сноска. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 13.07.2015 № 219 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) белгіленсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 89 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысын іске асыру шаралары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2610 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 23 сәуірдегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы Б.Оспанов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығының министрі
____________ А. Мамытбеков
2014 жыл «31» 07
Б.Жылқышиев
С.Тұяқбаев
Ә.Бектаев
А.Абдуллаев
С.Қаныбеков
Р.Исаева
Е.Садыр
Облыс әкімдігінің
2014 жылғы 25 шілдедегі
№ 252 қаулысына 1-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
Р/с № |
Басым дақылдардың атауы |
1 |
Дәндік жүгері |
2 |
Күріш |
3 |
Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс, майкене) |
4 |
Қант қызылшасы |
5 |
Картоп |
6 |
Көкөніс және бақша өнімдері |
7 |
Мақта |
8 |
Арпа |
9 |
Жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда) |
10 |
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдары |
11 |
Жүгері және күнбағыс сүрлемі |
12 |
Қорғалған топырақта көкөністер |
Облыс әкімдігінің
2014 жылғы 25 шілдедегі
№ 252 қаулысына 2-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
Р/с № |
Басым дақылдардың атауы |
1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге |
1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары, теңге |
1 |
Дәндік жүгері |
25 000 |
|
1.1 |
оның ішінде: жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген |
80 000 |
|
2 |
Күріш |
25 000 |
|
3 |
Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс, майкене) |
6 300 |
|
4 |
Қант қызылшасы |
21 000 |
1 000 |
5 |
Картоп |
18 000 |
|
6 |
Көкөніс және бақша өнімдері |
18 000 |
|
6.1 |
оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақша дақылдары |
80 000 |
|
7 |
Мақта |
22 000 |
|
7.1 |
оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген мақта |
80 000 |
|
8 |
Арпа |
8 000 |
|
9 |
Жемшөптік дақылдар (ағымдағы жылғы жоңышқа егісі) |
15 000 |
|
10 |
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдары |
4 000 |
|
11 |
Жүгері және күнбағыс сүрлемі |
9 000 |
|
12 |
Өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына) |
2 300 000 |
|
13 |
Фермерлік жылыжайда өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына) |
1 800 000 |