Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 12.06.2015 № 168 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
субсидияланатын тыңайтқыштар түрлері және субсидиялар нормалары:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына);
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы Б.Оспанов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығының министрі
____________ А. Мамытбеков
2014 жыл «31» 07_________
Облыс әкімдігінің 2014 жылғы
25 шілдедегі № 253 қаулысына
1-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық тыңайтқыш өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары
Р/с № |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері |
Өлшем бірлігі |
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы |
Бір бірлікке арналған субсидиялар нормалары, теңге |
1 |
Аммиак селитрасы (N-34,4%) |
тонна |
48 |
27 744 |
2 |
Аммофос (N-10%:P2О5-46%) |
тонна |
48 |
43 200 |
3 |
Қарапайлық суперфосфат (P2О5-19%) |
тонна |
48 |
23 520 |
4 |
Сульфоаммофос (N-18%: P2О5-18%: S-17%) |
тонна |
48 |
32 880 |
5 |
«В» маркалы суперфосфат (P2О5-15%) |
тонна |
48 |
20 429 |
6 |
«Б» маркалы «МЭРС» шағын тыңайтқышы |
литр |
48 |
5 760 |
7 |
«Биобарс» биотыңайтқышы (N-10%; Р2О5-3,3% К2О-10%; СаО-0,3%; Fe2O3-0,3%) |
литр |
48 |
2 400 |
8 |
Хлорлыкалий (К2О-42%; KCL-65%) |
тонна |
48 |
46 080 |
9 |
Күкірт қышқылды калий (калий сульфаты) (К2О-53%) |
тонна |
48 |
100 800 |
10 |
Аммонийсульфаты (N-21%) |
тонна |
48 |
19 672 |
11 |
Фосфоритті ұн (P2О5-17%) қапта |
тонна |
48 |
7 881 |
12 |
Азот-фосфор-калий күрделі минералды тыңайтқышы (N-16%; Р2О5-16% К2О-16%) |
тонна |
48 |
51 840 |
13 |
Азоты бар супрефос «Супрефос NS» (Са:Мg:SO3) |
тонна |
48 |
43 200 |
Облыс әкімдігінің 2014 жылғы
25 шілдедегі № 253 қаулысына
2-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлері және тыңайтқыш берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары
Р/с № |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері |
Өлшем бірлігі |
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы |
Бір бірлікке арналған субсидиялар нормалары, теңге |
1 |
Карбамид (N-46,4%) (Өзбекстан Республикасы) |
тонна |
28 |
18 200 |
2 |
Карбамид (N-46,4%) (Ресей Федерациясы) |
тонна |
28 |
20 160 |
3 |
Нитроаммофоска (N-15%:P2О5-15%: К2О -15%) |
тонна |
28 |
28 000 |
4 |
Сульфат аммонии капролактамды (N-21%) |
тонна |
28 |
15 120 |
5 |
КАС (N-27-33%) |
кг |
28 |
14 |
6 |
Аммофос (N-10%- P2О5-46%) (Өзбекстан Республикасы) |
тонна |
28 |
20 720 |
7 |
Аммофос (N-10%- P2О5-46%) (Ресей Федерациясы) |
тонна |
28 |
24 360 |
8 |
Аммиак селитрасы (N-34,7%) (Өзбекстан Республикасы) |
тонна |
28 |
14 560 |
9 |
Аммиак селитрасы (N-34,7%) (Ресей Федерациясы |
тонна |
28 |
16 184 |
10 |
Суперфосфат (P2О5-19%) (Өзбекстан Республикасы) |
тонна |
28 |
12 880 |
11 |
Суперфосфат (P2О5-19%) (Ресей Федерациясы) |
тонна |
28 |
13 720 |