Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 28.11.2014 № 377 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә. Садырға жүктелсін.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы Б. Оспанов
Б.Жылқышиев
А.Бектаев
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева
Облыс әкімдігінің 2014 жылғы
«11» қыркүйек № 289 қаулысына
қосымша
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
№ |
Мекеменің атауы |
Бюджет аударылымы, % |
1. |
Облыстық мемлекеттік кәсіпорындар |
45% |
2. |
Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын облыстық мемлекеттік кәсіпорындар |
5% |