"Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 349 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 қарашада № 2882 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 36 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 19.02.2016 № 36 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/137-V "Оңтүстік Қазақстан облысын басқару схемасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 31/247-V шешіміне, облыс әкімдігінің "Мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы" 2014 жылғы 2 қазандағы № 316 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы "27" қазандағы
№ 349 қаулысына қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат, діни қызмет салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қарасты ведомствалары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Бейбітшілік даңғылы, 3 үй, пошталық индексі 160012.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясына: облыс тұрғындарын біріктіруге бағытталған ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, мемлекеттілікті бекемдеп, азаматтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, өңірде конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығы кұқықтары мен діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер мен байланыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен облыс әкімінің "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
      2) өңірдің ішкі саяси тұрақтылығын, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыруды іске асыру;
      3) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегияларының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
      4) ішкі саясат және дін саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
      5) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
      6) облыстағы бұқаралық ақпарат, діни қызмет саласындағы жалпы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      7) азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      8) Оңтүстік Қазақстан облысында орын алып жатқан процестерде азаматтардың діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер қызметі салаларындағы құқықтарының іске асуын жан-жақты және объективті зерттеу, жинақтау, талдау;
      9) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды;
      10) электронды ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру, қолдану және қорғауда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16.Функциялары:
      1) қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына ықпал етеді;
      2) облыс аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қолданылуына (орнатылуына) бақылауды қамтамасыз етеді;
      3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
      4) облыс аумағына тарайтын шетелдік мерзімді баспа құралдарының тіркелуін қамтамасыз етеді;
      5) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіпте өңір деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;
      6) бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      7) уәкілетті органға шетелдік мерзімді баспа құралдарының тіркелуі жөніндегі мәліметті және Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы жөніндегі ақпараттарды жолдайды;
      8) мерзімді баспа құралдарында эротикалық мәндегі материалдар жариялап, таратуды бастағаны туралы ақпарат берген субъектілер реестрін жүргізеді;
      9) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;
      10) уәкiлеттi органға енгiзу үшін Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңдарын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
      11) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңдарын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;
      12) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңдарының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
      13) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзеді;
      14) діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту бойынша қаулы жобасын әзірлеп, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне енгізеді;
      15) ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуына келісім береді;
      16) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, олардың орналасатын жерін айқындауға, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуіне) келісім береді;
      17) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;
      18) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;
      19) қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылды жүзеге асырады, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында құрылған діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметiн зерттейді, олар туралы деректер қорын жасақтайды, "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретiне жататын мәселелер бойынша өңiрлік деңгейде ақпараттық-насихат iс-шараларын жүзеге асырады, өңiрдегi дiни ахуалға зерделеу мен талдау жүргізеді;
      20) мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын әзірлеп, бекітеді, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырып, өткізеді;
      21) жергілікті атқарушы органдардың электронды ақпараттық ресурстарымен әрекеттесетін ақпараттық жүйелер құру және пайдалану, осы ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы көрсетілетін электрондық қызметтердің тәртібін жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныс енгізеді;
      22) ақпараттандыру және "электронды үкімет" салаларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асатын инвестициялық жобаларды әзірлеп, облыс әкімдігіне келісуге енгізеді;
      23) "электронды әкімдікті" қалыптастырады, жергілікті атқарушы органдардың электронды ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамытады, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіне сәйкестілігі мен әрекеттестігін қамтамасыз етеді;
      24) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге кіруін қамтамасыз етеді;
      25) мемлекеттік ақпараттық ресурстарды есепке алып, тіркелуін және сақталуын қамтамасыз етеді;
      26) электронды қызметтер ұсынылуын ұйымдастыру бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
      27) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және облыстың тиісті аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының әскери басқармасы, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер мемлекеттік уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерімен үкіметтік байланыс бөлімшелерінің желілерінен өзге байланыс ғимараттарының, телекоммуникация желілерінің және өзге де инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылыстарын жүргізу жоспарларын белгілеп, облыс әкімдігіне ұсыныс енгізеді;
      28) байланыс операторларымен бірге абоненттерге тегін байланыстар ұсынылатын әлеуметтік мәнді нысандар тізбесін, байланыс операторларының тиісті шығындарын Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте қызметі үшін өтемақы төлеу тәртібін айқындайды;
      29) жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіне сай құзыреттерді жүзеге асырады.
      30) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары мен діни қызмет пен діни бірлестіктер саласында құқық бұзушылық анықталған жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттiк органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлерін "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
      3) құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-кимыл жасауға;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кұзыретіне жататын мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және отырыстар өткізуге;
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдарда, сотта білдіруге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделетін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуына, оның функцияларының орындалуына дербес жауапты болатын бірінші басшы жасайды.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерiн және Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасына қарасты мемлекеттік коммуналдық мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      5) шарттар жасасады;
      6) сенімхаттар береді;
      7) банктік есеп-шоттар ашады;
      8) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
      9) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйлықақы төлеу, сондай-ақ қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      12) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлер орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұскаулар береді;
      13) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      14) перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
      16) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      17) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлiмдерi туралы ережелердi бекiтедi;
      18) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      19) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      20) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      21) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен, облыс әкімдігімен, облыс әкімімен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың
ТІЗБЕСІ

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасының "Әлеуметтік бастамалар орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
      2. "Оңтүстік Қазақстан" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      3. "Южный Казахстан" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      4. "Жанубий Қозоғистон" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 27 октября 2014 года № 349. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 13 ноября 2014 года № 2882. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 19 февраля 2016 года № 36

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 19.02.2016 № 36 (вводится в действие с момента подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", решением Южно-Казахстанского областного маслихата от 30 сентября 2014 года № 31/247-V "О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 26 июня 2013 года № 14/137-V "О схеме управления Южно-Казахстанской областью", постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 2 октября 2014 года № 316 "О реорганизации государственных учреждений" акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Айтаханова Е.К.
      Аким области А. Мырзахметов
      Оспанов Б.
      Жилкишиев Б.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.
      Исаева Р.

  Приложение к
постановлению акимата
Южно-Казахстанской области
от "27" октября 2014 года
№ 349

Положение
о государственном учреждении "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере внутренней политики, религиозной деятельности, развития информационных систем и связи на территории Южно-Казахстанской области.
      2. Государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" не имеет ведомства.
      3. Государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области".
      7. Государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции, в установленном законодательством порядке, принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Южно-Казахстанская область, город Шымкент, Абайский район, проспект Бейбитшилик, дом 3, почтовый индекс 160012.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области".

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссией государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" является: эффективная реализация государственной политики в сфере внутренней политики, направленной на консолидацию жителей области, укрепление государственности и формирование социального оптимизма граждан, обеспечение межконфессионального согласия, прав граждан на свободу вероисповедания и взаимодействия с религиозными объединениями в регионе, реализация государственной политики в области информационных систем и связи.
      15. Задачи:
      1) обеспечение выполнения актов и поручений Президента и Правительства Республики Казахстан, акимата и акима области по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области";
      2) содействие в обеспечении внутриполитической стабильности, единства народа и консолидации общества в регионе;
      3) обеспечение разъяснения и пропаганды в регионе основных приоритетов Стратегии развития Казахстана до 2050 года, Стратегического плана развития Республики Казахстан до 2020 года, ежегодных Посланий Президента народу Казахстана, государственных и отраслевых программ и других стратегических документов;
      4) координация работы по разработке и реализации программных документов регионального значения в сфере внутренней политики и религии;
      5) взаимодействие с институтами гражданского общества, представителями общественности региона;
      6) обеспечение проведения общегосударственной политики в области массовой информации, религиозной деятельности;
      7) выработка предложений по формированию государственной политики в сфере обеспечения реализации прав граждан на свободу вероисповедания и взаимодействия с религиозными объединениями;
      8) всестороннее и объективное изучение, обобщение и анализ происходящих в Южно-Казахстанской области процессов в сфере реализации прав граждан на свободу вероисповедания и деятельности религиозных объединений;
      9) реализация государственной политики в области религиозной деятельности;
      10) регулирование общественных отношений, возникающих при создании, использовании и защите электронных информационных ресурсов и информационных систем;
      11) осуществление иных задач, возложенных на государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      16. Функции:
      1) содействует обеспечению соблюдений прав и законных интересов общественных объединений и политических партий;
      2) осуществляет контроль за использованием (установлением, размещением) государственных символов Республики Казахстан на территории области;
      3) реализует государственную информационную политику через средства массовой информации;
      4) осуществляет учет иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории области;
      5) формирует, размещает и контролирует осуществление государственного заказа по проведению государственной информационной политики на региональном уровне в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      6) осуществляет контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан средствами массовой информации;
      7) представляет в уполномоченной орган информацию по учету иностранных периодических печатных изданий, а также сведения по соблюдению законодательства Республики Казахстан;
      8) ведет реестр субъектов, уведомивших о начале распространения периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического характера;
      9) проводит изучение и анализ религиозной ситуации в регионе;
      10) разрабатывает предложения по совершенствованию законодательства Республики Казахстан о религиозной деятельности и религиозных объединениях для внесения в уполномоченный орган;
      11) вносит предложения в правоохранительные органы по запрещению деятельности физических и юридических лиц, нарушающих законодательство Республики Казахстан о религиозной деятельности и религиозных объединениях;
      12) рассматривает обращения физических и юридических лиц, касающихся нарушений законодательства Республики Казахстан о религиозной деятельности и религиозных объединениях;
      13) проводит разъяснительные работы на местном уровне по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области";
      14) разрабатывает и вносит на рассмотрение акимата Южно-Казахстанской области проект постановления об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения;
      15) согласовывает расположение помещений для проведения религиозных мероприятий за пределами культовых зданий (сооружений);
      16) согласовывает строительство культовых зданий (сооружений), определяет их месторасположение, а также перепрофилирование (изменение функционального назначения) зданий (сооружений) в культовые здания (сооружения);
      17) обеспечивает проведение проверок списков граждан-инициаторов создания религиозных объединений;
      18) проводит регистрацию лиц, осуществляющих миссионерскую деятельность;
      19) осуществляет взаимодействие с общественными объединениями, изучение деятельности созданных на территории Южно-Казахстанской области религиозных объединений и миссионеров, создание банка данных о них, осуществляет информационно-пропагандистские мероприятия на региональном уровне по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области", проводит изучение и анализ религиозной обстановки в регионе;
      20) разрабатывает и утверждает годовой план государственных закупок, организацию и проведение государственных закупок;
      21) вносит предложения в акимат области о порядке создания и эксплуатации информационных систем, взаимодействующих с электронными информационными ресурсами местных исполнительных органов, а также порядок оказания электронных услуг с применением этих информационных систем;
      22) вносит в акимат области на согласование разработанные инвестиционные проекты в сфере информатизации и "электронного правительства";
      23) формирует "электронный акимат" и развитие электронных информационных ресурсов и информационных систем, информационно-коммуникационных сетей местных исполнительных органов, обеспечивает их совместимость и взаимодействие в едином информационном пространстве Республики Казахстан;
      24) организует доступ физических и юридических лиц к государственным электронным информационным ресурсам и государственным информационным системам;
      25) обеспечивает учет и регистрацию государственных электронных информационных ресурсов, а также депонирование;
      26) вносит предложения в акимат области по организации предоставления электронных услуг;
      27) вносит предложения в акимат области по определению с территориальными подразделениями уполномоченного органа и территориальными подразделениями уполномоченных государственных органов военного управления, национальной безопасности и внутренних дел Республики Казахстан, осуществляющих деятельность на территории области, планы строительства сооружений связи, линий телекоммуникаций и других объектов инженерной инфраструктуры, за исключением сетей подразделений правительственной связи;
      28) совместно с операторами связи определяет перечень объектов социального значения для предоставления абонентам бесплатных соединений с компенсацией соответствующих расходов операторам связи в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      29) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      30) составляет протоколы об административных правонарушениях при выявлении нарушений законодательства Республики Казахстан о средствах массовой информации, в сфере религиозной деятельности и религиозных объединений в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций и граждан информацию, необходимую для выполнения своих функций;
      2) привлекать работников государственных органов и организаций к участию в подготовке вопросов, относящихся к компетенции государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области", создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих предложений;
      3) взаимодействовать с правоохранительными и государственными органами по вопросам, отнесенным к его компетенции;
      4) проводить совещания, семинары, конференции, круглые столы, встречи и заседания по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области";
      5) представлять интересы государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" в государственных органах, суде.
      6) осуществлять иные права, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Южно-Казахстанской области в установленном законодательством порядке.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области":
      1) представляет государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" в государственных органах и организациях в пределах своей компетенции;
      2) назначает на должность и освобождает от должности работников государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" и руководителей коммунальных государственных учреждений "Управления внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      3) обеспечивает разработку стратегических и программных документов, входящих в компетенцию государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" в соответствии с действующим законодательством;
      4) действует без доверенности от имени государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области";
      5) заключает договора;
      6) выдает доверенности;
      7) открывает банковские счета;
      8) несет ответственность за планирование, обоснование, реализацию и достижение бюджетных программ;
      9) обеспечивает контроль за использованием и сохранностью переданного государственному учреждению "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" имущества;
      10) определяет полномочия и обязанности работников государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      11) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации, поощрения, выплаты надбавок и премирования, а также дисциплинарной ответственности работников государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области", налагает на них дисциплинарные взыскания в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      12) издает приказы, дает указания по вопросам, входящим в его компетенцию, обязательные для исполнения всеми работниками государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области";
      13) утверждает должностные инструкции работников;
      14) утверждает перспективные и текущие планы работ;
      15) несет персональную ответственность за состояние работы по борьбе с коррупцией;
      16) организует, координирует и контролирует работу государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области";
      17) утверждает положения об отделах государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области";
      18) обеспечивает соблюдение норм служебной этики;
      19) реализует политику гендерного равенства;
      20) утверждает график личного приема физических лиц и представителей юридических лиц;
      21) осуществляет иные полномочия, возложенные законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением, акиматом области, акимом области.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области", относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень организаций, находящихся в ведении государственного учреждения "Управление внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области"

      1. Коммунальное государственное учреждение "Центр социальных инициатив" управления по делам религий Южно-Казахстанской области;
      2. Товарищество с ограниченной ответственностью "Редакция областной общественно-политической газеты "Оңтүстік Қазақстан";
      3. Товарищество с ограниченной ответственностью "Редакция областной общественно-политической газеты "Южный Казахстан";
      4. Товарищество с ограниченной ответственностью "Редакция областной общественно-политической газеты "Жанубий Қозоғистон".