Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 36 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"19" ақпандағы № 36 қаулысына
қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр күші жойылған нормативтік құқықтық қаулыларының тiзбесi

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" № 176 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2728-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 4 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
      2. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы "Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 347 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2878-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
      3. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 348 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2868-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 11 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
      4. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 349 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2882-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
      5. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы "Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3010-нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 11 ақпанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады