РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қаулысына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 маусымдағы № 4/30-V "Арыс қаласы бойынша аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 14-2-132 нөмiрiмен тiркелген, 2012 жылғы 21 шiлдедегі "Арыс ақиқаты" газетiнде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген шешiммен бекiтiлген Арыс қаласында аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiнде:
5 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ғ.Құмарбеков |
Қалалық мәслихат хатшысы | Т.Тулбасиев |