Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 89 "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 405 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 шілдеде № 2742 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімі аппаратының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 448 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалаcы әкімі аппаратының 20.02.2015 № 448 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурызындағы № 170 қаулысына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 89 «2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2537 тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанындағы «Арыс ақиқаты» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      Қала әкімі                                 С.Ертай

О внесении изменения в постановление акимата города Арыс от 7 февраля 2014 года № 89 "Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году"

Постановление акимата города Арыс Южно-Казахстанской области от 17 июля 2014 года № 405. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 30 июля 2014 года № 2742. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо аппарата акима города Арыс Южно-Казахстанской области от 20 февраля 2015 года № 448)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо аппарата акима города Арыс Южно-Казахстанской области от 20.02.2015 № 448).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики
Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 20 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2014 года № 170 «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан 19 июня 2001 года № 836 «О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», акимат города Арыс ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Арыс от 7 февраля 2014 года № 89 «Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году» (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2537, опубликовано 20 февраля 2014 года в газете «Арыс ақиқаты») следующие изменения:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Оплата труда безработных, участвующих в общественных работах, регулируется в соответствии с законодательством Республики Казахстан на основании трудового договора и зависит от количества, качества и сложности выполняемой работы.».
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Дилдабекова Б.
      3. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.      

      Аким города                                С.Ертай