Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалаcы әкімі аппаратының 20.02.2015 № 448 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 17.07.2014 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С.Ертай
Арыс қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 7 ақпандағы
№ 89 қаулысымен бекітілген
2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi
қ/с |
Ұйымдардың атауы |
Жұмыс түрлері |
Адам саны |
Қоғамдық жұмыстардың көлемі |
Қаржыландыру көздерi |
1 |
Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жіберу; |
60 |
6000 іс-құжат, 130000 шаршы метр, 6000 үй, 6 ауылдық округ |
қалалық бюджет |
2 |
Арыс қаласының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу; |
80 |
6000 іс-құжат, 130000 шаршы метр |
қалалық бюджет |
3 |
«Оңтүстік Қазақстан облысы ішкi iстер Департаментi Арыс ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттік мекемесі |
жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп» пилоттық жобалары) |
30 |
6 ауылдық округ аумағында |
қалалық бюджет |
4 |
Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту |
25 |
30000 шаршы метр |
қалалық бюджет |
5 |
Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту |
25 |
30000 шаршы метр |
қалалық бюджет |
6 |
Арыс қаласы «Байырқұм ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту |
25 |
30000 шаршы метр |
қалалық бюджет |
7 |
Арыс қаласы «Жиделі ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту |
25 |
30000 шаршы метр |
қалалық бюджет |
8 |
Арыс қаласы «Ақдала ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту |
25 |
30000 шаршы метр |
қалалық бюджет |
9 |
Арыс қаласы «Дермене ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту |
25 |
30000 шаршы метр |
қалалық бюджет |
10 |
Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу |
25 |
500 дана |
қалалық бюджет |
11 |
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Арыс қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
тұрғындардың үйлерін аралау; |
15 |
500 үй, 4500 іс-құжат |
қалалық бюджет |
12 |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Арыс қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
мұрағат кiтаптарын iшiнара жаңғырту, кiтаптарды тiгуге дайындау және жасақтау; |
15 |
600 іс-құжат, 800 үй, 200 сұраным |
қалалық бюджет |
13 |
«Қызмет-Сервис-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
көшелерді және аумақтарды қоқыстардан тазалау |
50 |
50000 шаршы метр |
қалалық бюджет |
14 |
«Ақаба-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
кәріз жүйелерін ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету; |
15 |
3000 шаршы метр, 800 үй |
қалалық бюджет |
15 |
«Арыс-жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
қазандық жүйелерін ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету; |
30 |
3000 метр, 200 пәтер |
қалалық бюджет |
16 |
Арыс қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «ЖАСЫЛ АЙМАҚ-АРЫС» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын |
демалыс және мәдениет орталық паркiнiң аумағын жинау; абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету |
30 |
100000 шаршы метр, 70000 шаршы метр |
қалалық бюджет |
17 |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Арыс филиалы |
мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу |
10 |
1700 іс-құжат |
қалалық бюджет |
18 |
«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық филилалы |
мұрағат құжаттарымен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу |
10 |
2000 іс-құжат |
қалалық бюджет |
19 |
«Арыс қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі |
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу; қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу |
10 |
1000 іс-құжат, 6 ауылдық округ аумағында |
қалалық бюджет |
Барлығы: |
530 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.