Кентау қалалық коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 379 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қарашада № 2877 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 117 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалаcының әкімдігінің 27.04.2015 № 117 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кентау қалалық коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Е.Бектаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі                     Ә.Мақұлбаев

Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2014
жылғы 15 қазандағы
№ 379 қаулысымен бекітілген

Кентау қалалық коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі

      1. Осы Кентау қалалық коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және қалалық коммуналдық мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс – 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт – құрылыс типін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленген тиісті жылға арналған 1,5 (бір жарым) айлық есептік көрсеткіші жалдау ақысының (Рбс) базалық мөлшерлемесі болып белгіленсін.
      3. Жабдықтар мен автокөлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam/100 х Кп
      мұнда:
      Ап - жылына жабдықтар мен көлік құралдары үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).
      4. Мемлекеттік заңды тұлғаларға мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, жабдықтар мен көлік құралдарын беру кезінде жалдау ақысының сомасы 0 (нөл) теңге көлемін құрайды.
      5. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысын күніне төлеу мөлшерлемесі жылдық жалдау ақысының бағасынан есептелінеді және мүліктік жалдау бойынша ай сайынғы төлем мөлшерлемесін айлық жұмыс күндерінің санына математикалық бөлу жолымен анықталады:
      Ап.плд. = К / Рд / 2,
      мұнда:
      Ап. плд. – жалдау ақысының жарты күндік мөлшерлемесі;
      К - жалдау ақысының ай сайынғы мөлшерлемесі (К=Ап/12);
      Рд - 1 айдағы жұмыс күндерінің саны;
      Ап.д. = К / Рд,
      мұнда:
      Ап. плд. – жалдау ақысының 1 күндік мөлшерлемесі;
      К - жалдау ақысының ай сайынғы мөлшерлемесі (К=Ап/12);
      Рд - 1 айдағы жұмыс күндерінің саны;
      4 (төрт) сағатқа дейін қоса алғанда мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде Ап.плд., ал күніне 4 (төрт) сағаттан жоғары мерзімге беру жағдайында Ап.д. қолданылады, бірақ күніне 8 (сегіз) сағаттан артық емес.
      Мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде бір күнге жалдау ақысының мөлшерлемесі теңгерім ұстаушымен келісілген ниет білдірушінің ұсынған жұмыс кестесіне сәйкес толық емес күнге (спорттық, акт және көрме залдары, оқу аудиториялары) берілген кезде қолданылады. Осы есеп мәдени ойын-сауық іс-шараларына таралмайды.
      6. Қалалық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:

Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

1

Құрылыс типін ескеретін коэффициент (Кт):

1.1 кеңселік

1

1.2 өндірістік

0,8

1.3 қойма, гараж, қазандық

0,6

1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар)

0,7

2

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)

2.1 жеке тұрған құрылыс

1

2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі

0,9

2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі

0,6

3

Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)

3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды

1,0

4

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):

4.1 облыстық маңызы бар Кентау қаласы үшін

1,8

4.2 кент, село (ауыл)

0,5

5

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):

5.1 халыққа қызмет көрсетуге арналған банктердің, «Қазпошта» АҚ-ның есеп айырысу-кассалық орталықтары, банкоматтар, терминалдар үшін (қол жетімділігі шектеулі коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5-ке төмендету коэффициенті қолданылады):
Кентау қаласы
қалған елді мекендер



2,5
2,0

5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін

3,0

5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін қылмыстық-атқарушылық жүйенің ғимараттарында және оқу орындарының жатақханаларында сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін

2,5
 
 

1,9

5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін

1,5

5.5 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:
ғылым және жоғары білім беру
орта білім беру
мектепке дейінгі білім беру

1,1
0,9
0,8

5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,0

5.7 өткізу жүйесі бар (қол жетімділігі шектеулі) коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету, сондай-ақ оқу орындарындағы және оқу орындарының жатақханаларындағы асхана мен буфеттер үшін

0,5

5.8. 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін

1,9

6

Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):

6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін

0,9

6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8

6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5

6.4 қалғандары үшін

1,0

Об утверждении порядка расчета ставки арендной платы при передаче в имущественный наем (аренду) коммунального имущества города Кентау

Постановление акимата города Кентау Южно-Казахстанской области от 15 октября 2014 года № 379. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 10 ноября 2014 года № 2877. Утратило силу постановлением акимата города Кентау Южно-Казахстанской области от 27 апреля 2015 года № 117

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Кентау Южно-Казахстанской области от 27.04.2015 № 117.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала. 
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе» и пунктом 50 Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду) утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88, акимат города Кентау ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить порядок расчета ставки арендной платы при передаче в имущественный наем (аренду) коммунального имущества города Кентау согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Кентау Е.Бектаева.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      Аким города Кентау                         А. Макулбаев      

      Утвержден постановлением
      акимата города Кентау
      от 15 октября 2014 года № 379

Порядок расчета ставки арендной платы при передаче в имущественный наем (аренду) коммунального имущества города Кентау

      1. Настоящий Порядок расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества  в имущественный наем (аренду) (далее – Порядок) разработан в соответствии с пунктом 50 Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 и определяют порядок расчета ставки арендной платы при передаче городского коммунального имущества в имущественный наем (аренду).
      2. Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе коммунальных юридических лиц города определяется на основании базовых ставок и размеров применяемых коэффициентов, учитывающих тип строения, вид нежилого помещения, степень комфортности, территориальное расположение, вид деятельности нанимателя, организационно-правовую форму нанимателя и осуществляется по формуле:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      где:
      Ап – ставка арендной платы объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе коммунальных юридических лиц в год;
      Рбс – базовая ставка арендной платы за 1 квадратный метр, тенге в год;
      S – арендуемая площадь, квадратный метр;
      Кт - коэффициент, учитывающий тип строения;
      Кк - коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения;
      Кск - коэффициент, учитывающий степень комфортности;
      Кр - коэффициент, учитывающий территориальное расположение;
      Квд - коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя;
      Копф - коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя.
      Базовая ставка арендной платы (Рбс) устанавливается в размере, составляющем 1,5 (полтора) месячных расчетных показателя, утвержденного Законом Республики Казахстан «О республиканском бюджете» на соответствующий год.
      3. Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) оборудования, автотранспортных средств и других не потребляемых вещей осуществляется по формуле:
      Ап = С х Nam /100 х Кп
      где:
      Ап - ставка арендной платы за оборудование, транспортные средства и другие не потребляемые вещи в год;
      С - остаточная стоимость оборудования по данным бухгалтерского учета.
      При сдаче в имущественный наем (аренду) оборудования, транспортных средств и других не потребляемых вещей с начисленным износом 100 процентов остаточная стоимость принимается в размере 10 процентов от первоначальной (восстановительной) стоимости;
      Nam - предельные нормы амортизации в соответствии со статьей 120 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс);
      Кп - понижающий коэффициент (применяется при износе оборудования, транспортных средств и других не потребляемых вещей более шестидесяти процентов - в размере 0,8, при предоставлении субъектам малого предпринимательства для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населения, за исключением торгово-закупочной (посреднической) деятельности - в размере 0,5).
      4. При предоставлении объектов государственного нежилого фонда, оборудования и транспортных средств государственным юридическим лицам сумма арендной платы составляет в размере 0 (ноль) тенге.
      5. При предоставлении в имущественный наем (аренду) объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе коммунальных юридических лиц по дням, расчет арендной платы производится исходя из стоимости годовой арендной платы и осуществляется путем математического деления ежемесячной ставки оплаты по имущественному найму на количество рабочих дней в месяц.
      Ап.плд. = К / Рд / 2,
      где:
      Ап. плд. – ставка арендной платы за пол дня;
      К - ежемесячная ставка арендной платы (К=Ап/12);
      Рд - количество рабочих дней в месяце;
      Ап.д. = К / Рд,
      где:
      Ап. д. – ставка арендной платы за день;
      К - ежемесячная ставка арендной платы (К=Ап/12);
      Рд - количество рабочих дней в месяце;
      при предоставлении в имущественный найм до 4 (четырех) часов включительно применяется Ап.плд, а в случае предоставления свыше
4 (четырех) часов в день применяется Ап.д., но не более 8 (восьми) часов в день.
      Ставка оплаты имущественного найма государственного нежилого фонда за день применяется в случаях, когда имущество сдается на неполный день (спортивные, актовые и выставочные залы, учебные аудитории) согласно предоставленному заявителями графику работы, согласованному с балансодержателем имущества. Данный расчет не распространяется на проведение культурно-развлекательных мероприятий.
      Коэффициенты, применяемые при расчете ставок арендной платы для объектов городского коммунального имущества:

Вид коэффициентов

Размер коэффициента

1

Коэффициент, учитывающий тип строения (Кт):

1.1 офисное

1

1.2 производственное

0,8

1.3 складское, гаражное, котельная

0,6

1.4 спортивные сооружения (стадионы, спортивные залы)

0,7

2

Коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения (Кк):

2.1 отдельно стоящее строение

1

2.2 встроено-пристроенная часть

0,9

2.3 цокольная (полуподвальная) часть

0,7

2.4 подвальная часть

0,6

3

Коэффициент, учитывающий степень комфортности (Кск):

3.1 для помещений со всеми инженерно-техническими устройствами (электрическая энергия, канализация, водоснабжение, отопление) при отсутствии каких-либо видов коммуникаций уменьшается на 0,1 за каждый вид

1,0

4

Коэффициент, учитывающий территориальное расположение (Кр):

4.1 для областного значения города Кентау

1,8

4.2 поселок, село (ауыл)

0,5

5

Коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя (Квд):

5.1 для расчетно-кассовых центров банков, АО «Казпочта», банкоматов, терминалов для обслуживания населения (в зданиях коммунальных юридических лиц с ограниченным доступом применяется понижающий коэффициент - 0,5):
города Кентау
остальные населенные пункты

 
 
 

2,5
2,0

5.2 для брокерской деятельности и оказания таможенных услуг, обменных пунктов и организаций, деятельность которых связана с рынком ценных бумаг, страховых, инвестиционных компаний, нотариальных контор, адвокатских контор

3,0

5.3 для организации торговли, гостиничных услуг

для организации торговли в зданиях уголовно-исполнительной системы и общежитиях учебных заведений

2,5
 
 

1,9

5.4 для организации общественного питания

1,5

5.5 для организации услуг в области:
науки и высшего образования
среднего образования
дошкольного образования

1,1
0,9
0,8

5.6 для организации услуг в области здравоохранения,
культуры и спорта

1,0

5.7 для организации питания сотрудников, оказания бытовых услуг в зданиях коммунальных юридических лиц с пропускной системой (ограниченным доступом), а также для столовых и буфетов в учебных заведениях и общежитиях учебных заведений

0,5

5.8 для видов деятельности, за исключением видов деятельности, указанных в пунктах 5.1-5.7.

1,9

6

Коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя (Копф):

6.1 для субъектов малого предпринимательства для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населению, за исключением торгово-посреднической деятельности

0,9

6.2 для акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью) пятьдесят и более процентов акций (долей участия) и получающих не менее 90 процентов дохода от выполнения бюджетных программ, в случае предоставления письменного подтверждения государственного органа, осуществляющего права владения и пользования государственным пакетом акций

0,8

6.3 для благотворительных и общественных объединений, некоммерческих организаций

0,5

6.4 для остальных

1,0