Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 31.12.2014 № 01-10/329 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 31.10.2014 № 36/198-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiнің 2-тармағына және қала әкімінің мәлімдемесіне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2014 жылы бір маманға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 31.10.2014 № 36/198-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит он бес жыл мерзiмге берiледi; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 %-ы мөлшерiнде белгiленедi.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы А.Наринбетов
Қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Рысбеков