Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 06.08.2014 № 2089 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына, «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес Қазығұрт ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазығұрт ауданы бойынша 2013–2014 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғ.А.Төлеповке жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2013 жылдың 1 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі Б.Д.Қыстауов
Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 17 қаулысына қосымша
Қазығұрт ауданы бойынша 2013-2014 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi
N |
Дақылдар түрi |
Оңтайлы мерзiмдерi |
Ескерту |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1. |
Күздiк бидай |
10.10.2013 |
30.11.2013 |
Тәлімі және суармалы жер, жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып |
15.10.2013 |
30.11.2013 |
|||
2. |
Жаздық бидай |
30.02.2014 |
10.04.2014 |
Тәлімі жер |
3. |
Дәндік және сүрлемдік жүгері |
10.04.2014 |
05.05.2014 |
Суармалы жер |
4. |
Жоңышқа |
05.03.2014 |
10.04.2014 |
Тәлімі және суармалы жер |
5. |
Мақсары |
05.03.2014 |
15.04.2014 |
Тәлімі жер |