2013-2014 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 17 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 ақпанда № 2533 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 2089 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 06.08.2014 № 2089 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына, «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес Қазығұрт ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазығұрт ауданы бойынша 2013–2014 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғ.А.Төлеповке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2013 жылдың 1 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                Б.Д.Қыстауов

Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 17 қаулысына қосымша

Қазығұрт ауданы бойынша 2013-2014 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi

N

Дақылдар түрi

Оңтайлы мерзiмдерi

Ескерту

басталуы

аяқталуы

1. 

Күздiк бидай

10.10.2013

30.11.2013

Тәлімі және суармалы жер, жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып

15.10.2013

30.11.2013

2. 

Жаздық бидай

30.02.2014

10.04.2014

Тәлімі жер

3. 

Дәндік және сүрлемдік жүгері

10.04.2014

05.05.2014

Суармалы жер

4.

Жоңышқа

05.03.2014

10.04.2014

Тәлімі және суармалы жер

5. 

Мақсары

05.03.2014

15.04.2014

Тәлімі жер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады