РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса тіркелген Қазығұрт ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | С.Батырбай |
Аудандық мәслихат хатшысы | М.Момынов |
Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 29/193-V шешімімен бекітілді |
Қазығұрт ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже
1. Қазығұрт ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында жасалды.
2. Қазығұрт ауданының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Грамота) Қазығұрт ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқаны, аудан көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметтерде, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда қол жеткізген нақты нәтижелер мен қоғамдық мойындауға қол жеткізгені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.
3. Қазығұрт аудандық мәслихатына Грамотамен наградтауға ұсынымды Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаттары, Қазығұрт ауданының әкімі, Қазығұрт ауданының аудандық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Қазығұрт ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, Қазығұрт ауданының ауыл округтері әкімдері, Қазығұрт ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.
4. Ұсынымға Грамотамен наградталатын кандидаттардың аудан алдындағы нақты еңбектері мазмұндалған белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы қоса беріледі.
5. Қазығұрт аудандық мәслихатына келіп түскен ұсынымды алдын-ала қарау және Грамотамен наградтау туралы ұсынысты дайындауды Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірі жүзеге асырады.
6. Егер ұсыным берілген кандидатура немесе наградтау материалдары осы ережемен белгіленген талаптарға жауап бермесе, ол ұсыныс сессияның қарауына енгізілмейді.
7. Грамотамен наградтау туралы шешім Қазығұрт аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты оқиғаларға байланысты ерекше жағдайларда Грамотамен наградтау туралы мәселе Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялар төрағаларының келісімімен Қазығұрт аудандық мәслихатының төрағасымен қаралуы және шешілуі мүмкін.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 11.09.2024 № 17/113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.9. Грамотамен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан халқына жеткізіледі.
10. Грамотамен қайта наградтау жүргізілмейді.
11. Грамота Қазығұрт аудандық мәслихатының төрағасымен немесе соған уәкілдік берілген тұлғалармен Қазығұрт аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Қазығұрт ауданының өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.
Грамотаны тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 11.09.2024 № 17/113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.