"Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 38-227-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қаңтарда № 2982 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 4-21-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 20.06.2016 № 4-21-VI шешiмiмен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 15) тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" "Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Б.Жұманов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
О.Дәндібаев

  Мақтаарал аудандық
мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 38-227-V
шешімімен бекітілген

"Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мақтаарал аудандық мәслихат хатшысының өкімдері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі № 20, индекс 160500.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылатын Мақтаарал аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      Мақтаарал аудандық мәслихаты депутаттарына өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
      16. Функциялары:
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде Мақтаарал аудандық мәслихаты Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
      3) азаматтардың (сайлаушылардың) мәслихатқа жолдаған хаттарын, арыз-шағымдарын тіркейді және қарайды, депутаттардың назарына жеткізеді, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда олар бойынша жауап дайындайды;
      4) "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
      5) Мақтаарал аудандық мәслихатының актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды әділет органдарына тіркеуге жолдайды;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Мақтаарал аудандық мәслихатының шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
      7) Мақтаарал аудандық мәслихатының ic-жүргізу қызметін жүргізеді;
      8) мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Мақтаарал аудандық мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
      20. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
      21. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      6) мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
      7) аудан әкiміне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес ұйымдастырады;
      8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      9) мәслихатының тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
      10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихаты атынан өкiл болады;
      11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      12) заңнамада белгіленген тәртіппен аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      13) "Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;
      14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және Мақтаарал аудандық мәслихатының шешiмдеріне сәйкес мiндеттердi жүзеге асырады;
      "Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      22. "Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата"

Решение Мактааральского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 24 декабря 2014 года № 38-227-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 28 января 2015 года № 2982. Утратило силу решением Мактааральского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 20 июня 2016 года № 4-21-VI

      Сноска. Утратило силу решением Мактааральского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 20.06.2016 № 4-21-VI.
      В соответствии с подпунктом 15) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года "Об утверждении типового положения государственного органа Республики Казахстан" Мактааральский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемое положение государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
районного маслихата:
Б. Жуманов
      Секретарь районного
маслихата:
О. Дандибаев

  Утверждено решением
Мактааральского районного
маслихата от 24 декабря
2014 года № 38-227-V

положение государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Мактааральского районного маслихата" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере обеспечения деятельности районного маслихата, его органов и депутатов.
      2. Государственное учреждение "Аппарат Мактааральского районного маслихата" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат Мактааральского районного маслихата" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат Мактааральского районного маслихата" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат Мактааральского районного маслихата" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат Мактааральского районного маслихата" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат Мактааральского районного маслихата" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями секретаря Мактааральского районного маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Южно-Казахстанская область, Мактааральский район, город Жетысай, улица М. Ауэзова № 20, индекс 160500.
      10. Полное наименование государственного органа: государственное учреждение "Аппарат Мактааральского районного маслихата".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Аппарат Мактааральского районного маслихата" запрещается вступать договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата".

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата":
      осуществляет организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение Мактааральского районного маслихата и его органов, являющимся выборным органом, избираемый населением района, выражающий волю населения и в соответствии с законодательством Республики Казахстан определяющий меры, необходимые для ее реализации, и контролирующий их осуществление.
      15. Задачи:
      оказывает помощь депутатам Мактааральского районного маслихата в осуществлении их полномочий.
      16. Функции:
      осуществляет обязаности и функции в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законадательными актами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, и иными нормативными правовыми актами.
      17. Права и обязанности:
      1) обеспечение соблюдения Регламента Мактааральского районного маслихата в пределах своей компентенции;
      2) оказывает помощь депутатам в осуществлении их полномочий, информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности маслихата и его органов;
      3) регистрирует и рассматривает письма, заявления и обращения направленные в Мактааральский районный маслихат гражданами (избирателями), доводит их до сведения депутатов, контролирует их исполнение, при необходимости готовит на них ответы;
      4) организует прием граждан в государственном учреждений "Аппарат Мактааральского районного маслихата";
      5) участвует в разработке актов Мактааральского районного маслихата, а также обеспечивает их отправление для регистрации в органах юстиции в случаях, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан;
      6) в порядке предусмотренных законодательством Республики Казахстан обеспечивает публикацию решений Мактааральского районного маслихата в средствах массовой информации;
      7) ведет делопроизводство Мактааральского районного маслихата;
      8) деятельность государственных служащих аппарата маслихата осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      9) осуществляет иные обязанности и функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат Мактааральского районного маслихата" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата" избирается на должность из числа депутатов и освобождается от должности открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов на сессии Мактааральского районного маслихата.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата" не имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата":
      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, обеспечивает составление протокола и вместе с председателем сессии подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;
      2) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;
      3) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;
      4) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;
      5) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;
      6) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;
      7) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";
      8) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;
      9) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;
      10) представляет маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;
      11) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;
      12) в установленном законодательством порядке и в пределах своей компетенции поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников аппарата;
      13) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в государственном учреждении "Аппарат Мактааральского районного маслихата" и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      14) выполняет функции в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан и согласно решениям Мактааральского районного маслихата избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.
      При отсутствии первого руководителя государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата" по решению председателя сессии маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.
      22. Государственное учреждение "Аппарат Мактааральского районного маслихата" возглавляется секретарем Мактааральского районного маслихата избираемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Аппарат Мактааральского районного маслихата" имеет на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат Мактааральского районного маслихата" относятся к коммунальной собственности района.
      25. Государственное учреждение "Аппарат Мактааральского районного маслихата" не вправе самостоятельно отчуждать или иными способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средства, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат Мактааральского районного маслихата" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.