Мақтаарал аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылсын:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 28-150-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2573 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Мақтаарал" газетінде жарияланған);
2. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 30-171-V "Мақтаарал аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2679 тіркелген, 2014 жылғы 4 шілдедегі "Мақтаарал" газетінде жарияланған);
3. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 38-227-V "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2982 тіркелген, 2014 жылғы 13 ақпандағы "Мақтаарал" газетінде жарияланған);
4. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39-238-V "Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 28-150-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3050 тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпандағы "Мақтаарал" газетінде жарияланған);
5. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 42-254-V ""Мақтаарал аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 30-171-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3155 тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы "Мақтаарал" газетінде жарияланған).
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ә.Асауов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
М.Жайлымшиев |