Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 08.05.2019 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Отырар аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесе отырып кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ауыл округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды беру шарттарының бірдей және тең болуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрманға жүктелсін.
5. Отырар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 52 "Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орнын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-9-141 нөмірімен тіркелген, 2011 жылдың 18 наурызда "Отырар алқабы" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Полатов |
КЕЛІСІЛДІ:
Отырар аудандық аумақтық
сайлау комиссияның төрағасы
Р.Қасымбек
"30" маусым 2014 жыл
Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусым № 453 қаулысына 1-қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
Аққұм ауыл округі бойынша:
1. Аққұм ауылы, Ж.Омаров көшесі, "Аққұм" ауылдық ауруханасы аумағы;
2. Аққұм ауылы, ауылдық клуб аумағы.
Ақтөбе ауыл округі бойынша:
1. Ақтөбе ауылы, "Ақтөбе" дәрігерлік амбулаториясы аумағы.
Балтакөл ауыл округі бойынша:
1. Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, "Балтакөл" ауылдық ауруханасы аумағы;
2. Көлқұдық ауылы, "Көлқұдық" фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы;
3. Үштам ауылы, "Үштам" медициналық тірек аумағы;
4. Ақкөл ауылы, "Ақкөл" медициналық тірек аумағы.
Көксарай ауыл округі бойынша:
1. Көксарай ауылы, М.Әуезов көшесі, "Көксарай" ауылдық ауруханасы аумағы;
2. Шеңгелді ауылы, "Шеңгелді" медициналық тірек аумағы;
3. Жанкел ауылы, "Жанкел" медициналық тірек аумағы;
4. Ызакөл ауылы, "Ызакөл" медициналық тірек аумағы.
Қарақоңыр ауыл округі бойынша:
1. Ш.Қалдаяқов ауылы, Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйі аумағы;
2. Ш.Қалдаяқов ауылы, "Қарақоңыр" ауылдық ауруханасы аумағы;
3. Арыс ауылы, ауылдық клуб аумағы;
4. Бестораңғыл ауылы, А.Жармұхамбетов атындағы шағын жинақты бастауыш мектеп аумағы;
5. Қарақоңыр темір жол бекетіндегі "Қарақоңыр" шағын жинақты бастауыш мектеп аумағы;
6. Сырдария ауылы, "Сырдария" шағын жинақты негізгі орта мектеп аумағы;
7. Қостүйін темір жол бекетінің аумағы.
Қарғалы ауыл округі бойынша:
1. Отырар ауылы, "Отырар" жалпы орта мектеп аумағы;
2. Қарғалы ауылы, С.Ерубаев атындағы шағын жинақты орта мектеп аумағы.
Қоғам ауыл округі бойынша:
1. Қоғам ауылы, Ұ.Арғынбеков көшесі, "Қоғам" дәрігерлік амбулаториясы аумағы;
2. Талапты ауылы, "Талапты" фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы;
3. Мыңшұқыр ауылы, ауылдық кітапхана ғимараты аумағы.
Отырар ауыл округі бойынша:
1. Арыс ауылы, "Марал" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны аумағы;
2. Шойманов ауылы, ауылдық клуб аумағы.
Талапты ауыл округі бойынша:
1. Көкмардан ауылы, Т.Бейсенбіұлы көшесі, "Талапты" дәрігерлік амбулаториясы аумағы;
2. Шытты ауылы, "Шытты" фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы;
3. Ынталы ауылы, Дәрімбекұлы көшесі, "Ынталы" медициналық тірек аумағы;
4. Сарыкөл ауылы, "Сарыкөл" медициналық тірек аумағы.
Темір ауыл округі бойынша:
1. Темір ауылы, С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп аумағы;
2. Темір ауылы, М.Әлиев көшесі, "Темір" дәрігерлік амбулаториясы аумағы.
Маяқұм ауыл округі бойынша:
1. Маяқұм ауылы, Д.Алтынбеков көшесі, "Маяқұм" ауылдық ауруханасы аумағы;
2. Қостерек ауылы, "Қостерек" фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы.
Шәуілдір ауыл округі бойынша:
1. Шәуілдір ауылы, Ә.Жылқышиев көшесі, Орталық стадион аумағы;
2. Шәуілдір ауылы, Д.Алтынбеков көшесі, Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектеп аумағы;
3. Шәуілдір ауылы, О.Бәймішов көшесі № 2 үй, Қ.Мұңайтпасов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп аумағы.
Шілік ауыл округі бойынша:
1. Шілік ауылы, Тұрғанбай Датқа көшесі, Орталық алаңы аумағы;
2. Жаңа Шілік ауылы, М.Мәметова көшесі № 22 үй, "Шілік" дәрігерлік амбулаториясы аумағы;
3. Ескі Шілік ауылы, "Ескі Шілік" фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы.
Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусым № 453 қаулысына 2-қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі
1. Аққұм ауылы, С.Сейфуллин көшесі, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
2. Ақтөбе ауылы, Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
3. Арыс ауылы, Балалар мен жасөспірімдер орталығының мәжіліс залы;
4. Балтакөл ауылы М.Көбеев көшесі, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
5. Жаңа Шілік ауылы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
6. Көксарай ауылы, ауылдық клуб;
7. Көкмардан ауылы, ауылдық клуб;
8. Қарақоңыр ауылы, ауылдық клуб;
9. Қоғам ауылы, ауылдық клуб;
10. Отырар ауылы, Отырар ауылдық клубы;
11. Темір ауылы, Темір жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
12. Маяқұм ауылы, ауылдық клуб;
13. Шәуілдір ауылы, Д.Алтынбеков көшесі № 18 үй, Д.Құрманбек атындағы № 20 кәсіптік-техникалық колледжінің мәжіліс залы.