"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесе отырып кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ауыл округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды беру шарттарының бірдей және тең болуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Мәуленге жүктелсін.
5. Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 453 "Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орнын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2752 нөмірімен тіркелген, 2014 жылдың 21 тамыздағы № 39 "Отырар алқабы" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Айтаханов |
КЕЛІСІЛДІ:
Отырар аудандық аумақтық
сайлау комиссияның төрағасы
Д. Елбасы
"____" сәуір 2019 жыл
Отырар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 08 мамырдағы № 166 қаулысына 1-қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
Аққұм ауыл округі бойынша:
1. Аққұм ауылы, "Аққұм" ауылдық амбулаториясы аумағы;
2. Аққұм ауылы, "Балғын" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын аумағы.
Ақтөбе ауыл округі бойынша:
1. Ақтөбе ауылы, "Ақтөбе" дәрігерлік амбулаториясы аумағы.
Балтакөл ауыл округі бойынша:
1. Балтакөл ауылы, "Балтакөл" ауылдық ауруханасы аумағы;
2. Көлқұдық ауылы, "Көлқұдық" фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы;
3. Үштам ауылы, "Үштам" медициналық тірек аумағы;
4. Ақкөл ауылы, "Ақкөл" медициналық тірек аумағы.
Көксарай ауыл округі бойынша:
1. Көксарай ауылы, "Көксарай" ауылдық ауруханасы аумағы;
2. Шеңгелді ауылы, "Шеңгелді" медициналық тірек аумағы;
3. Жанкел ауылы, "Жанкел" медициналық тірек аумағы;
4. Ызакөл ауылы, "Ызакөл" медициналық тірек аумағы.
Қарақоңыр ауыл округі бойынша:
1. Ш.Қалдаяқов ауылы, ауылдық Мәдениет үйі аумағы;
2. Ш.Қалдаяқов ауылы, "Абай" атындағы жалпы орта мектеп аумағы;
3. Арыс ауылы, "Арыс" медициналық тірек аумағы;
4. Бестораңғыл ауылы, "А.Жармұхамбетов" атындағы шағын жинақты бастауыш мектеп аумағы;
5. Қарақоңыр темір жол бекетіндегі "Қарақоңыр" шағын жинақты бастауыш мектеп аумағы;
6. Сырдария ауылы, "Сырдария" шағын жинақты негізгі орта мектеп аумағы;
7. Қостүйін темір жол бекетінің аумағы.
Қарғалы ауыл округі бойынша:
1. Отырар ауылы, "Отырар" жалпы орта мектеп аумағы;
2. Қарғалы ауылы, "С.Ерубаев" атындағы шағын жинақты орта мектеп аумағы.
Қоғам ауыл округі бойынша:
1. Қоғам ауылы, "Зүбайра-ана" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын аумағы;
2. Талапты ауылы, "Талапты" фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы;
3. Мыңшұқыр ауылы, ауылдық кітапхана ғимараты аумағы.
Отырар ауыл округі бойынша:
1. Арыс ауылы, "Марал" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын аумағы;
2. Шойманов ауылы, "П.Айтменов" атындағы негізгі орта мектептің ескі жайы аумағы.
Талапты ауыл округі бойынша:
1. Көкмардан ауылы, "Көкмардан" жалпы орта мектеп аумағы;
2. Шытты ауылы, "Шытты" фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы;
3. Ынталы ауылы, "Ынталы" медициналық тірек аумағы;
4. Сарыкөл ауылы, "Сарыкөл" медициналық тірек аумағы.
Темір ауыл округі бойынша:
1.Темір ауылы, ауылдық Мәдениет үй аумағы;
2. Темір ауылы, "Темір" дәрігерлік амбулаториясы аумағы.
Маяқұм ауыл округі бойынша:
1. Маяқұм ауылы, "Маяқұм" ауылдық ауруханасы аумағы;
2. Қостерек ауылы, "Қостерек" фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы.
Шәуілдір ауыл округі бойынша:
1. Шәуілдір ауылы, Орталық стадион аумағы;
2. Шәуілдір ауылы, "Ш.Қалдаяқов" атындағы мектеп-гимназиясы аумағы;
3. Шәуілдір ауылы, № 2 балалар және жасөспірімдер спорт мектеп аумағы.
Шілік ауыл округі бойынша:
1. Жаңа Шілік ауылы, Орталық алаңы аумағы;
2. Жаңа Шілік ауылы, "Шілік" дәрігерлік амбулаториясы аумағы;
3. Ескі Шілік ауылы, "Ескі Шілік" фельдшерлік-акушерлік тірек аумағы.
Отырар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 08 мамырдағы № 166 қаулысына 2-қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі
1. Аққұм ауылы, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
2. Ақтөбе ауылы, Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
3. Арыс ауылы, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залы;
4. Балтакөл ауылы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
5. Жаңа Шілік ауылы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
6. Көксарай ауылы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
7. Көкмардан ауылы, "Көкмардан" жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
8. Қарақоңыр ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
9. Қоғам ауылы, ауылдық Мәдениет үйі;
10. Отырар ауылы, Отырар жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
11. Темір ауылы, Темір Мәдениет үйі;
12. Маяқұм ауылы, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы;
13. Шәуілдір ауылы, Д.Құрманбеков атындағы № 20 кәсіптік-техникалық колледжінің мәжіліс залы.