Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 24.09.2014 № 522 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төлеби ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Д.Дүйсебаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М.Пернебеков
Төлеби ауданы әкімдігінің
2014 жылғы «14» ақпандағы
№ 82 қаулысына қосымша
Төлеби ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Дақыл түрлері |
Оңтайлы мерзімдері |
Ескертпе |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1 |
Жаздық бидай |
15.03.2014ж |
15.04.2014ж |
Тәлімі жер |
2 |
Жаздық арпа |
15.03.2014ж |
15.04.2014ж |
Тәлімі жер |
3 |
Мақсары |
15.03.2014ж |
25.04.2014ж |
Тәлімі жер |
4 |
Жоңышқа |
25.03.2014ж |
20.04.2014ж |
Тәлімі және суармалы жер |
5 |
Жүгері |
25.04.2014ж |
20.05.2014ж |
Суармалы жер |
6 |
Күздік бидай |
25.09.2014ж |
25.11.2014ж |
Суармалы жер |
15.10.2014ж |
30.11.2014ж |
Тәлімі жер |