2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 82 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2014 жылғы 20 наурызда № 2581 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 522 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 24.09.2014 № 522 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Төлеби ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Д.Дүйсебаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы   М.Пернебеков

Төлеби ауданы әкімдігінің
2014 жылғы «14» ақпандағы
№ 82 қаулысына қосымша

Төлеби ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері

Дақыл түрлері

Оңтайлы мерзімдері

Ескертпе

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық бидай

15.03.2014ж

15.04.2014ж

Тәлімі жер

2

Жаздық арпа

15.03.2014ж

15.04.2014ж

Тәлімі жер

3

Мақсары

15.03.2014ж

25.04.2014ж

Тәлімі жер

4

Жоңышқа

25.03.2014ж

20.04.2014ж

Тәлімі және суармалы жер

5

Жүгері

25.04.2014ж

20.05.2014ж

Суармалы жер

6


Күздік бидай

25.09.2014ж

25.11.2014ж

Суармалы жер

15.10.2014ж

30.11.2014ж

Тәлімі жер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады