Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 13.01.2015 N 6/480 хаты).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес және "Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес субсидиялауға жататын бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды сатудың 2014 жылға арналған шекті бағалары белгіленсін.
2. Осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға берілетін субсидияның қалалар және аудандар бойынша 2014 жылға арналған көлемі бекітілсін.
3. Осы қаулыға 3 қосымшаға сәйкес ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдардың 1 тоннасына берілетін субсидияның 2014 жылға арналған мөлшері айқындалсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. А. Шерубаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы " 2 " сәуірдегі № 75 қаулысына 1 қосымша |
Субсидиялауға жататын бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды сатудың 2014 жылға арналған шекті бағалары
р/с |
Ауылшаруашылық |
Субсидияланатын бірінші, екінші және | ||
бірінші көбейтілген | екінші көбейтілген | үшінші көбейтілген | ||
1 | Күздік бидай | 42000 | 33000 | 31500 |
2 | Жаздық бидай | 39000 | 34500 | 33000 |
3 | Арпа | 36000 | 30000 | 27000 |
4 | Сұлы | 36000 | 30000 | 27000 |
5 | Қарақұмық | 48000 | 42000 | 33000 |
6 | Күнбағыс | 120000 | 102000 | 90000 |
7 | Картоп | 90000 | 70500 | 66000 |
8 | Бір жылдық шөп | 90000 | 66000 | 60000 |
9 | Көп жылдық шөп | 225000 | 222000 | 210000 |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы | |
" 2 " сәуірдегі № 75 қаулысына | |
2 қосымша |
Тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға берілетін субсидияның қалалар және аудандар бойынша 2014 жылға арналған көлемі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 29.07.2014 № 205 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
р/с | Қалалардың, аудандардың атауы |
Субсидия көлемі, |
1 | Семей | 53741 |
2 | Бородулиха | 35670,5 |
3 | Глубокое | 49649,4 |
4 | Ұлан | 50056,22 |
5 | Үржар | 8158,5 |
6 | Зайсан | 1125 |
Облыс бойынша | 198401 |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы | |
" 2 " сәуірдегі № 75 қаулысына | |
3 қосымша |
Ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдардың 1 тоннасына берілетін субсидияның 2014 жылға арналған мөлшері
р/с |
Ауылшаруашылық |
Ауыл шаруашылығы дақылдарының | ||
бірінші көбейтілген | екінші көбейтілген | үшінші көбейтілген | ||
1 | Күздік бидай | 28000 | 22000 | 21000 |
2 | Жаздық бидай | 26000 | 23000 | 22000 |
3 | Арпа | 24000 | 20000 | 18000 |
4 | Сұлы | 24000 | 20000 | 18000 |
5 | Қарақұмық | 32000 | 28000 | 22000 |
6 | Күнбағыс | 80000 | 68000 | 60000 |
7 | Картоп | 60000 | 47000 | 44000 |
8 | Бір жылдық шөп | 60000 | 44000 | 40000 |
9 | Көп жылдық шөп | 150000 | 148000 | 140000 |