2014 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 02 сәуірдегі N 75 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде N 3235 болып тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 13.01.2015 N 6/480 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 13.01.2015 N 6/480 хаты).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес және "Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес субсидиялауға жататын бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды сатудың 2014 жылға арналған шекті бағалары белгіленсін.

      2. Осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға берілетін субсидияның қалалар және аудандар бойынша 2014 жылға арналған көлемі бекітілсін.

      3. Осы қаулыға 3 қосымшаға сәйкес ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдардың 1 тоннасына берілетін субсидияның 2014 жылға арналған мөлшері айқындалсын.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. А. Шерубаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Б. Сапарбаев

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
" 2 " сәуірдегі № 75 қаулысына
1 қосымша

Субсидиялауға жататын бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды сатудың 2014 жылға арналған шекті бағалары

р/с

Ауылшаруашылық
дақылдарының атауы

Субсидияланатын бірінші, екінші және
үшінші көбейтілген тұқымдардың бір
тоннасын сатудың шекті бағасы, теңге

бірінші көбейтілген

екінші көбейтілген

үшінші көбейтілген

1

Күздік бидай

42000

33000

31500

2

Жаздық бидай

39000

34500

33000

3

Арпа

36000

30000

27000

4

Сұлы

36000

30000

27000

5

Қарақұмық

48000

42000

33000

6

Күнбағыс

120000

102000

90000

7

Картоп

90000

70500

66000

8

Бір жылдық шөп

90000

66000

60000

9

Көп жылдық шөп

225000

222000

210000

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы
  " 2 " сәуірдегі № 75 қаулысына
  2 қосымша

Тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға берілетін субсидияның қалалар және аудандар бойынша 2014 жылға арналған көлемі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 29.07.2014 № 205 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/с

Қалалардың, аудандардың атауы

Субсидия көлемі,
мың теңге

1

Семей

53741

2

Бородулиха

35670,5

3

Глубокое

49649,4

4

Ұлан

50056,22

5

Үржар

8158,5

6

Зайсан

1125


Облыс бойынша

198401

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы
  " 2 " сәуірдегі № 75 қаулысына
  3 қосымша

Ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдардың 1 тоннасына берілетін субсидияның 2014 жылға арналған мөлшері

р/с

Ауылшаруашылық
дақылдарының түрлері

Ауыл шаруашылығы дақылдарының
сатылған бірінші, екінші және үшінші
көбейтілген тұқымдарының 1 тоннасына
берілетін субсидияның мөлшері,
теңге

бірінші көбейтілген

екінші көбейтілген

үшінші көбейтілген

1

Күздік бидай

28000

22000

21000

2

Жаздық бидай

26000

23000

22000

3

Арпа

24000

20000

18000

4

Сұлы

24000

20000

18000

5

Қарақұмық

32000

28000

22000

6

Күнбағыс

80000

68000

60000

7

Картоп

60000

47000

44000

8

Бір жылдық шөп

60000

44000

40000

9

Көп жылдық шөп

150000

148000

140000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады