РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 және "Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 26 ақпандағы № 1554 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы " 17 " маусымдағы № 159 қаулысымен бекітілген |
"Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді, оның ішінде "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы немесе "Е–лицензиялау" www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi – заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 және "Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10 тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызмет алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет алушының өтінішін және құжаттар пакетін қабылдау, кіріс құжаттама журналында тіркеу. Орындау ұзақтығы – он бес минуттан аспайды;
2) Орындаушыны анықтау. Орындау ұзақтығы – отыз минуттан аспайды;
3) өтінішті "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркеу. Орындау ұзақтығы – он бес минуттан аспайды;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызмет алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеру;
5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыру. Орындау ұзақтығы – он бес минуттан аспайды;
6) "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою. Орындау ұзақтығы – отыз минуттан аспайды;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға беру. Орындау ұзақтығы – он бес минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:
лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензия алуға тыйым салуы.
6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, көрсетілетін қызмет алушының өтінішін тіркеу туралы белгі болып табылады, ол 2-ші іс-қимылды бастау үшін негіз болады. 2-ші іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызмет беруші басшысының бұрыштамасы болып табылады, ол 3-ші іс-қимылды бастау үшін негіз болады. 3-ші іс-қимылдың нәтижесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркелген көрсетілетін қызмет алушының өтініші болып табылады, ол 4-ші іс-қимылды бастау үшін негіз болады. 4-ші іс-қимылдың нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызмет алушының біліктілік талаптарға және негіздерге сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтау болып табылады, оның негізінде 5-ші іс-қимыл жүзеге асырылады. 5-ші іс-қимылдың нәтижесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады, ол 6-шы іс-қимылды жүзеге асыру үшін негіз болады. 6-шы іс-қимылдың нәтижесі басшының қолы қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады, ол 7-ші іс-қимылды жүзеге асыру үшін негіз болады. 7-ші іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғаны туралы белгі болады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызмет берушінің орындаушысы.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі стандарттың 9 тармағына сәйкес көрсетілетін қызмет алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) өтінішін және құжаттар пакетін қабылдауды, кіріс құжаттар журналында тіркеуді жүзеге асырады, өтініш пен құжаттар пакетін көрсетілетін қызмет берушінің басшылығына береді. Орындау ұзақтығы – он бес минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшылығы орындаушыны анықтайды және оған өтініш пен құжаттар пакетін береді. Орындау ұзақтығы – отыз минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызмет берушінің орындаушысы өтінішті "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркейді, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да алу үшін көрсетілетін қызмет алушының біліктілік талаптарға және негіздерге сәйкестігін тексереді, "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ көмегімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға береді;
4) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жібереді. Орындау ұзақтығы – отыз минуттан аспайды;
5) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға ұсынады. Орындау ұзақтығы – он бес минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес әрбір рәсімді (іс-қимылды) өту блок-схемасында келтірілген.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау
9. Көрсетілетін қызмет беруші мен көрсетілетін қызмет алушының "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі:1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-те тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-те тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1 процесс – көрсетілетін қызмет алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін тіркеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭҮП-ке мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының парольді енгізу процесі (авторландырылу процесі);
3) 1 шарт – БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетілетін қызмет алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын ЭҮП-те тексеру;
4) 2 процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-те авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3 процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да осы Регламентте көрсетілген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарды электрондық түрде сұраным нысанына бекiте отырып, нысанды оның құрылымдық және пішіндік талаптарын ескере толтыруы (деректерді енгізуі);
6) 4 процесс – ЭҮТШ-те қызметті төлеу, содан кейін осы ақпарат "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ға түседі;
7) 2 шарт – қызмет көрсеткені үшін төлеу фактісін "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тексеру;
8) 5 процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қызмет көрсеткені үшін төлем болмағандықтан, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6 процесс – сұранымды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3 шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктер тізімінде болмауын, сондай-ақ сұранымда көрсетілген БСН арасындағы және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-те тексеру;
11) 7 процесс – көретілетін қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағанына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8 процесс – қызметті көрсетуге толтырылған сұранымның нысанына (енгізілген деректер) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
13) 9 процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да электрондық құжатты тiркеу (көрсетілетін қызметті алушының сұранымы) және сұранымды "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да өңдеу;
14) 4 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптар мен негіздерге сәйкестігін тексеруі;
15) 10 процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-дағы деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты сұратылған қызметтi ұсынудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
16) 11 процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесiн (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензия алуға тыйым салуы.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызмет берушінің және көрсетілетін қызмет алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасында көрсетілген.
Ескерту.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
"Е-лицензиялау" МДҚ АЖ – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі;
ЭҮП – "электрондық үкіметтің" порталы;
ЭҮТШ – "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасы
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер: