Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы N 244 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 418 бұйрығы.
 

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасына әкелінетін экспорттық бақылауға жататын өнімді пайдалану жөніндегі міндеттемелерді ресімдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1919 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 55-56, 546-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 12 наурыздағы
N 244 қаулысымен  
бекітілген     

Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруді экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2. Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру тәртібі

      3. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) импорттаушыға, егер экспорттаушы елдің заңнамасымен осындай құжаттың ұсынылуы көзделген жағдайда беріледі.

      4. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алу үшін импорттаушы мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесін;
      3) сәйкестендіру үшін түпнұсқаны бере отырып, экспорттаушымен тиісті мәмілені растайтын құжаттың көшірмесін;
      4) егер өтініш беруші ретінде делдал болса, сәйкестендіру үшін түпнұсқаны бере отырып, импорттаушы мен түпкі пайдаланушы арасындағы шарттың (келісімшарттың) көшірмесін тапсырады;
      Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алғаннан кейін келісімшартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, импорттаушы 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2013 № 379 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) келісім-шартқа енгізілген өнімнің мөлшері мен номенклатурасына тәуелсіз бір мәмілеге беріледі.

      6. Кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттар уәкiлеттi органға түскен күнiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.
      Уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) береді не кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруден бас тарту себептері туралы дәлелді жауап береді.
      Егер уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзімде импорттаушыға кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) бермеген не кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзімі өткен күнінен бастап кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) берілді деп есептеледі.
      Уәкілетті орган кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беру мерзімі өткен сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей импорттаушыға тиісті кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) береді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2013 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.02.2014 № 155 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7. Уәкілетті орган кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес экспорттаушы елдің уәкілетті органына ұсынуы үшін қағаз, электрондық тасығыштарда береді. Берілген кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) туралы ақпарат мемлекеттік ақпараттық ресурстарда ресімделеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2013 № 379 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-1. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруден мынадай жағдайларда, егер:
      1) импорттаушы өтініште және импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесінде дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты көрсетсе;
      2) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабымен көзделген негіздер болса бас тартылады.
      Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2013 № 379 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Кеден органы жүк іс жүзінде жеткізілген күннен бастап 10 күн ішінде жеткізуді растау сертификатын уәкілетті органға жолдайды.

      9. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) өзінің кепілдік міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

3. Өнімнің түпкілікті пайдаланылуын тексеруді ұйымдастыру тәртібі

      10. Тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) өнімнің түпкілікті пайдаланылуын тексерулерді Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, мына негіздер бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және тағайындайды:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының талаптарын бұзуы туралы куәландыратын мәліметтерді алу;
      2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) жаппай қырып-жою қаруын, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтамауы.

      11. Тексерулер уәкілетті орган берген тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
      Тексеруді тағайындау туралы акт уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналда тіркелуге тиіс.
      Тексеруді тағайындау туралы акт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда (бұдан әрі - құқықтық статистика жөніндегі орган) міндетті түрде тіркеледі.

      12. Тексеруді жүргізудің басталуы тексеруші лауазымды адамның (адамдардың) қызметтік куәлігін міндетті түрде көрсете отырып, тексерілетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға (мәлімдеушіге) тексерудің тағайындалуы туралы актіні тапсырған кезден бастап есептеледі.
      Тексеруді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) өнімнің түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана жүргізеді.
      Тиеу алдындағы кезеңде және (немесе) өнімнің түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеру жүргізілуі мүмкін.

      13. Тексеруді жүргізу мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кездегі ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемінің едәуір болуына байланысты уәкілетті органның басшысы (не оны алмастыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
      Тексеру мерзімін ұзартқан жағдайда уәкілетті орган құқықтық статистика жөніндегі органда тіркей отырып, міндетті түрде тексерудің ұзартылғаны туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексерудің тағайындалғаны туралы алдыңғы актінің тіркелген нөмірі мен күні және оның ұзартылу себебі көрсетіледі.

      14. Тексеруді тағайындау туралы акт сыртқы экономикалық қызметтің бір қатысушысына (мәлімдеушіге) ресімделеді.

      15. Тексеру аяқталғаннан кейін оны жүзеге асырған уәкілетті органның лауазымды адамы Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының сақталуы мәніне тексеру нәтижелері туралы екі данада акт жасайды.

      16. Сыртқы экономикалық қызметтің тексерілетін қатысушысына (мәлімдеушіге) тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
      Тексеру нәтижелері туралы акт тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей тапсырылады.

Импорттаушылардың      
(түпкі пайдаланушылардың)  
кепілдік міндеттемелерін   
ресімдеу және олардың орындалуын
тексеру ережесіне      
1-қосымша          

      Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік
міндеттемесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2013 № 379 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

СЕРТИФИКАТ №

1. Импорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны) _
                    |_|

2. Импорттаушы ел

3. Экспорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны) _
                    |_|

4. Экспорттаушы ел

5. Түпкі пайдаланушы (мекенжайы, телефоны және қызмет саласы)

6. Алынған лицензиялар туралы ақпарат

7. Өнімді орналастыру және (немесе) пайдалану орны

8. Өнімді түпкі пайдалану

9. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

10. Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды

11. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

12. Сертификатты сұрату үшін негіздеме (келісімшарт немесе шарт, № мен қол қойылған күні)

13. Өлшем бірлігі

14. Саны

15. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген өнімді Қазақстан Республикасына импорттауға міндеттенеді. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген өнімді 8-тармақта көрсетілген мақсатта пайдалануға, оны Қазақстан Республикасының аумағындағы шаруашылық қызметтің басқа субъектісіне бермеуге және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспорттамауға міндеттенеді.

16. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы
Т.А.Ә.                           Лауазымы
Қолы,                            М.О.
Күні

17. Импорттаушы
Т.А.Ә.            Лауазымы
Қолы,             М.О.
Күні

18. Түпкі пайдаланушы
Т.А.Ә.              Лауазымы
Қолы,               М.О.
Күні

Сыртқы жағы

Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесіне
қосымша

Р/с

Өнімнің атауы мен толық сипаттамасы

Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды

Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

Саны

Өлшем бірлігі

1

2

3

4

5

6

1.






2.






3.






4.






5.






Барлығы парақ

Парақ №

Импорттаушы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы,  М.О.
Күні

Түпкі пайдаланушы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы,  М.О.
Күні

Импорттаушылардың      
(түпкі пайдаланушылардың)  
кепілдік міндеттемелерін   
ресімдеу және олардың орындалуын
тексеру ережесіне      
2-қосымша          

Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2013 № 379 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

СЕРТИФИКАТ №

1. Импорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны)

2. Импорттаушы ел

3. Экспорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны)

4. Экспорттаушы ел

5. Түпкі пайдаланушы (мекенжайы, телефоны және қызмет саласы)


6. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

7. Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды

8. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

9. Сертификатты сұрату үшін негіздеме (келісімшарт немесе шарт, № мен қол қойылған күні)

10. Өлшем бірлігі

11. Саны

12. Осымен 6-тармақта көрсетілген өнім тек елдің мұқтажы үшін ғана пайдаланылатыны және экспорттаушы елдің уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспортталмайтыны расталады. Осы құжат оған қол қойылған күнінен бастап алты ай ішінде экспорттаушы елдің уәкілетті мемлекеттік органына ұсынылуы тиіс.

13. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы
Т.А.Ә.
Лауазымы                    Қолы,                    М.О.
Күні

Сыртқы жағы

Кепілдік міндеттемеге (түпкі пайдаланушының сертификатына)
қосымша

Р/с

Өнімнің атауы мен толық сипаттамасы

Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды

Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

Саны

Өлшем бірлігі

1

2

3

4

5

6

1.






2.






3.






4.






5.






Барлық парақ

Парақ №

Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы
Т.А.Ә.                       Лауазымы
Қолы,                        М.О.
Күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады