РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8-баптарына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес, «Шемонаиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 12/5-V шешімі мен Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 226 қаулысы негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) есепті деректерден шығару арқылы өзге қоныстар санатына жатқызылсын:
Волчанка ауылдық округінің Моисеевка ауылы;
Волчанка ауылдық округінің Трехгорное ауылы;
Верх-Уба ауылдық округінің Зауба ауылы;
Разин ауылдық округінің Қазақстан разъезі;
Первомайский кенттік округінің Фестивальная станциясы;
2) елді мекендер шекараларын өзгерту арқылы:
Моисеевка және Трехгорное қоныстары әкімшілік және аумақтық бағынысымен Волчанка ауылдық округі Березовка ауылының құрамына;
Зауба қонысы әкімшілік және аумақтық бағынысымен Верх-Уба ауылдық округі Верх-Уба ауылының құрамына;
Қазақстан қонысы әкімшілік және аумақтық бағынысымен Разин ауылдық округі Красная Шемонаиха ауылының құрамына;
Фестивальная қонысы әкімшілік және аумақтық бағынысымен Первомайский кенттік округі Ново-Ильинка ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы шешім мен қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия Облыстық |
Облыс әкімі Б. Сапарбаев |