Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 04 шілдедегі N 178 қаулысы, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 2014 жылғы 09 шілдедегі N 20/258-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 шілдеде N 3422 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 38-баптарына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес, «Шемонаиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 12/5-V шешімі мен Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 226 қаулысы негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) есепті деректерден шығару арқылы өзге қоныстар санатына жатқызылсын:
      Волчанка ауылдық округінің Моисеевка ауылы;
      Волчанка ауылдық округінің Трехгорное ауылы;
      Верх-Уба ауылдық округінің Зауба ауылы;
      Разин ауылдық округінің Қазақстан разъезі;
      Первомайский кенттік округінің Фестивальная станциясы;
      2) елді мекендер шекараларын өзгерту арқылы:
      Моисеевка және Трехгорное қоныстары әкімшілік және аумақтық бағынысымен Волчанка ауылдық округі Березовка ауылының құрамына;
      Зауба қонысы әкімшілік және аумақтық бағынысымен Верх-Уба ауылдық округі Верх-Уба ауылының құрамына;
      Қазақстан қонысы әкімшілік және аумақтық бағынысымен Разин ауылдық округі Красная Шемонаиха ауылының құрамына;
      Фестивальная қонысы әкімшілік және аумақтық бағынысымен Первомайский кенттік округі Ново-Ильинка ауылының құрамына енгізілсін.
      2. Осы шешім мен қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


     Сессия
     төрағасы        Л. Цыбенко

     Облыстық
     мәслихат
     хатшысы         Г. Пинчук

  Облыс әкімі     Б. Сапарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады