Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 13.01.2015 N 6/480 хаты).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес және «Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2014 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3235, 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 45 (16982) «Дидар», 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 45 (19492) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін |
Е. Көшербаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің |
Тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға берілетін субсидияның қалалар және аудандар бойынша 2014 жылға арналған көлемі
р/с |
Қалалардың, аудандардың атауы |
Субсидия көлемі, |
1 |
Семей |
53741 |
2 |
Бородулиха |
35670,5 |
3 |
Глубокое |
49649,4 |
4 |
Ұлан |
50056,22 |
5 |
Үржар |
8158,5 |
6 |
Зайсан |
1125 |
Облыс бойынша |
198401 |