Шығыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 31 шілдедегі N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 02 қыркүйекте N 3471 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібі белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                          Е. Көшербаев

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2014 жылғы « 31 » шілдедегі
№ 3 шешіміне
қосымша

Шығыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық
мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда
шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібі

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасын орындау үшін,«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 39-бабымен және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 9-1-бабымен белгіленген спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларын өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын сақтау мақсатында ұйымдастырушылар спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға жол бермеуді қамтамасыз етуі қажет деп белгіленсін.

Об определении Порядка реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Восточно-Казахстанской области

Решение акима Восточно-Казахстанской области от 31 июля 2014 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 02 сентября 2014 года N 3471

     Примечание РЦПИ.
     В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» аким Восточно-Казахстанской области РЕШИЛ:
      1. Определить Порядок реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Восточно-Казахстанской области, согласно приложению к настоящему решению.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Исполняющий обязанности
      акима области

Е. Кошербаев


Приложение
к решению акима
Восточно-Казахстанской области
от « 31 » июля 2014 года № 3

Порядок реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Восточно-Казахстанской области

      Во исполнение подпункта 14) пункта 1 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», в целях соблюдения правил обеспечения безопасности граждан при проведении спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий, установленных статей 39 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2014 года «О физической культуре и спорте» и статей 9-1 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года «О культуре» определить, что организаторам необходимо обеспечивать недопущение реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий.