РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібі белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы Е. Көшербаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2014 жылғы « 31 » шілдедегі
№ 3 шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық
мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда
шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасын орындау үшін,«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 39-бабымен және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 9-1-бабымен белгіленген спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларын өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын сақтау мақсатында ұйымдастырушылар спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға жол бермеуді қамтамасыз етуі қажет деп белгіленсін.