Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 24.12.2014 N 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялаудың 2014 жылға арналған кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 107 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3329, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 60 (16997) "Дидар", 2014 жылғы 31 мамырдағы № 61 (19508) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулыға 3 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Облыс әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2014 жылғы "_30__" __11__ |
А. Мамытбеков |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы "28 " қарашадағы № 316 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 107 қаулысына 3 қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
Саланың атауы | Субсидиялау бағыттарының атаулары | Өлшем бірліктері | 2014 жыл | ||
Субсидиялау нормативтері, теңге | Субсидиялаудың көлемдері | Субсидиялар сомасы, мың тенге | |||
Етті ірі қара шаруашылығы | Ірі қара малдың аналық мал басымен асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу | бас | 20 000 | 15 500 | 310 000 |
Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың селекциялық және асыл тұқымдық жұмысын жүргізу | бас | 18 000 | 61 185 | 1 101 330 | |
Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 154 000 | 4 100 | 631 400 | |
Импортталған асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу (Австрия, АҚШ, Канададан) | бас | 200 000 | 493 | 98 600 | |
Импортталған селекциялық ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде) | бас | 118 000 | 530 | 62 540 | |
Жалпы табындарда етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп - бағу | бас | 104 000 | 40 | 4 160 | |
Сиыр еті: 2 деңгей | тонна | 170 | 300 | 51 000 | |
3 деңгей | тонна | 120 | 3 700 | 444 000 | |
Барлық сома | 2 703 030 | ||||
Сүтті ірі қара шаруашылығы | Ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бас | 20 000 | 10 500 | 210 000 |
Сүт: 1 деңгей | тонна | 25 | 17 500 | 437 500 | |
2 деңгей | тонна | 15 | 15 200 | 228 000 | |
3 деңгей | тонна | 10 | 12 357 | 123 570 | |
Барлық сома | 999 070 | ||||
Етті құс шаруашылығы | Құс етін өндіру: | ||||
1 деңгей | тонна | 70 | 18 610 | 1 302 700 | |
2 деңгей | тонна | 66 | 8 100 | 534 600 | |
3 деңгей | тонна | 50 | 4 600 | 230 000 | |
Барлық сома | 2 067 300 | ||||
Қой шаруашылығы | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс: | бас | 1 500 | 200 000 | 300 000 |
Асыл тұқымды төл | бас | 8 000 | 24 501 | 196 008 | |
Биязы жүн | тонна | 130 | 38,7 | 5 031 | |
Барлық сома | 501 039 | ||||
Жылқы шаруашылығы | Асыл тұқымды төл: | бас | 40 000 | 2 200 | 88 000 |
Қымыз | тонна | 60 | 1 625,8 | 97 548 | |
Барлық сома | 185 548 | ||||
Шошқа еті: 1 деңгей | тонна | 98 | 720 | 70 560 | |
Барлық сома | 70 560 | ||||
Жиыны: | 6 526 547 |