Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 24.12.2014 N 344 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Мыналар:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге 2014 жылға арналған субсидия нормативтері;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар;
3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидия көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қантардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2014 жылғы " 16 " сәуірдегі |
А. Мамытбеков |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы " 15 " сәуірдегі № 107 қаулысына 1 қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге 2014 жылға арналған субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу | бас | 3000 |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы " 15 " сәуірдегі № 107 қаулысына 2 қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1. Технологиялық құрал-саймандар (құрал-жабдықтарға), ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларын сақтауға арналған бекеті болуы.
2. Ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларын сақтауды ұйымдастыру үшін технологиялық құрал-саймандар (құрал-жабдықтардың) және ілеспе материалдың болуы.
3. Ұрпақ сапасы бойынша бағаланған ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларының болуы.
4. 1 ұрықтандырушыға жылдық орташа жүктелім 240 бастан кем емес.
5. Ұрықтандырушы бұқалардың ұрығына қажеттілік, 1 басқа – 2,5 доза.
6. 1 дозаның құны – 750 теңгеден кем емес.
7. 1 аналық мал басын ұрықтандыруға ұрық дозасы шығыны – 1875 теңгеден кем емес.
8. Техник-ұрықтандырушының қызметіне жұмсалатын шығындар – 1000 теңгеден кем емес.
9. Өзге шығындар (электр энергиясы,газ, су, сұйық азот, натрий цитраты, дезинфекциялық құралдар) – 125 теңгеден артық емес.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы " 15 " сәуірдегі № 107 қаулысына 3 қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.11.2014 № 316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Саланың атауы | Субсидиялау бағыттарының атаулары | Өлшем бірліктері | 2014 жыл | ||
Субсидиялау нормативтері, теңге | Субсидиялаудың көлемдері | Субсидиялар сомасы, мың тенге | |||
Етті ірі қара шаруашылығы | Ірі қара малдың аналық мал басымен асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу | бас | 20 000 | 15 500 | 310 000 |
Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың селекциялық және асыл тұқымдық жұмысын жүргізу | бас | 18 000 | 61 185 | 1 101 330 | |
Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 154 000 | 4 100 | 631 400 | |
Импортталған асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу (Австрия, АҚШ, Канададан) | бас | 200 000 | 493 | 98 600 | |
Импортталған селекциялық ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде) | бас | 118 000 | 530 | 62 540 | |
Жалпы табындарда етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп - бағу | бас | 104 000 | 40 | 4 160 | |
Сиыр еті: 2 деңгей | тонна | 170 | 300 | 51 000 | |
3 деңгей | тонна | 120 | 3 700 | 444 000 | |
Барлық сома | 2 703 030 | ||||
Сүтті ірі қара шаруашылығы | Ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бас | 20 000 | 10 500 | 210 000 |
Сүт: 1 деңгей | тонна | 25 | 17 500 | 437 500 | |
2 деңгей | тонна | 15 | 15 200 | 228 000 | |
3 деңгей | тонна | 10 | 12 357 | 123 570 | |
Барлық сома | 999 070 | ||||
Етті құс шаруашылығы | Құс етін өндіру: | ||||
1 деңгей | тонна | 70 | 18 610 | 1 302 700 | |
2 деңгей | тонна | 66 | 8 100 | 534 600 | |
3 деңгей | тонна | 50 | 4 600 | 230 000 | |
Барлық сома | 2 067 300 | ||||
Қой шаруашылығы | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс: | бас | 1 500 | 200 000 | 300 000 |
Асыл тұқымды төл | бас | 8 000 | 24 501 | 196 008 | |
Биязы жүн | тонна | 130 | 38,7 | 5 031 | |
Барлық сома | 501 039 | ||||
Жылқы шаруашылығы | Асыл тұқымды төл: | бас | 40 000 | 2 200 | 88 000 |
Қымыз | тонна | 60 | 1 625,8 | 97 548 | |
Барлық сома | 185 548 | ||||
Шошқа еті: 1 деңгей | тонна | 98 | 720 | 70 560 | |
Барлық сома | 70 560 | ||||
Жиыны: | 6 526 547 |