Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 13.01.2015 N 6/480 хаты).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабының 2 - тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 - бабы 2 – тармағының 18) тармақшасына сәйкес және «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3 - 1/600 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9987) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Бекітілсін:
1)
осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидиялардың көлемдері;
2)
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын 2014 жылға арналған өлшемдер мен талаптар.
3)
осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес маралдың (бұғының) аналық мал басымен және бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін 2014 жылға арналған субсидиялардың нормативтері;
4)
осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге 2014 жылға арналған субсидиялардың нормативтері.
2.
Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1)
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялаудың 2014 жылға арналған кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 107 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3329, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 60 (16997) «Дидар», 2014 жылғы 31 мамырдағы № 61 (19508) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысы;
2)
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялаудың 2014 жылға арналған кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 316 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3574, 2014 жылғы 13 желтоқсандағы № 145 (17082) «Дидар», 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 145 (19592) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысы.
3.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Д. Ахметов |
«КЕЛІСІЛДІ»
А. Мамытбеков |
2014 жылғы « 25 » 12
Шығыс Қазақстан облысы |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
Шығыс Қазақстан облысы |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын 2014 жылға арналған өлшемдер мен талаптар
1.
Технологиялық құрал-жабдықтарға, ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларын сақтауға арналған үй-жайлардың болуы.
2.
Ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларын сақтауды ұйымдастыру үшін технологиялық құрал-жабдықтардың және ілеспе материалдың болуы.
3.
Ұрпақ сапасы бойынша бағаланған ұрықтандырушы бұқалардың ұрық дозаларының болуы.
4.
1 ұрықтандырушыға жылдық орташа жүктелім 240 бастан кем емес.
5.
Ұрықтандырушы бұқалардың ұрығына қажеттілік, 1 басқа – 2,5 доза.
6.
1 дозаның құны – 750 теңгеден артық емес.
7.
1 аналық мал басын ұрықтандыруға ұрық дозасы шығыны – 1875 теңгеден кем емес.
8.
Техник-ұрықтандырушының қызметіне жұмсалатын шығындар – 1000 теңгеден кем емес.
9.
Өзге шығындар (электр энергиясы, газ, су, сұйық азот, натрий цитраты, дезинфекциялық құралдар) – 125 теңгеден артық емес.
Шығыс Қазақстан облысы |
Маралдың (бұғының) аналық мал басымен және бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін 2014 жылға арналған субсидиялардың нормативтері
р/с № |
Атауы |
Марал шаруашылығы |
Бұғы шаруашылығы |
Бал ара шаруашылығы |
|||
1 басқа (теңге) |
барлығы (мың. теңге) |
1 басқа (теңге) |
барлығы (мың. теңге) |
1 бал ара ұясына (теңге) |
барлығы (мың. теңге) |
||
1 |
Барлық кіріс (мың теңге) |
157 300 |
20 100 |
209 272 |
|||
2 |
Барлық шығын (мың теңге) |
81 825 |
210 306 |
72 000 |
29 880 |
33 243 |
333 826 |
3 |
Шығындар: |
||||||
|
Еңбекақы |
18 690 |
50 370 |
22 250 |
9 234 |
11 440 |
120 028 |
|
Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер |
2 310 |
6 226 |
2 750 |
1 142 |
1 256 |
13 178 |
|
оның ішінде |
||||||
|
Әлеуметтік салық |
1 260 |
3 396 |
1 500 |
623 |
685 |
7 187 |
|
Әлеуметтік аударымдар |
1 050 |
2 830 |
1 250 |
519 |
571 |
5 991 |
|
Жемшөп (материалдар) сатып алу |
43 000 |
115 885 |
35 000 |
14 525 |
4 020 |
42 178 |
|
Өзге жабдықтар сатып алу |
6 412 |
67 275 |
||||
|
Электроэнергия |
400 |
1 078 |
400 |
166 |
660 |
6 925 |
|
ЖЖМ |
3 000 |
8 085 |
3 500 |
1 452,5 |
||
|
Көлік қызметтері |
4 500 |
12 128 |
4 500 |
1867,5 |
2 057 |
21 582 |
|
Негізгі құралдарда ағымдағы жөндеу |
2 100 |
5 660 |
||||
|
Өзге шығыстар |
7 825 |
21 088 |
3 600 |
1 494 |
7 398 |
77 620 |
4 |
Барлық мал басы (бас, бал ара ұясы) |
2 557 |
415 |
10 042 |
|||
5 |
Шығындардың кірістерден артық болуы (мың теңге) |
53 006,0 |
9 780 |
124 554 |
|||
6 |
% шығынды өтеу |
19,7 |
17,1 |
7,8 |
|||
7 |
Жоспарланған субсидиялар |
41 497 |
5 112 |
26 000 |
|||
8 |
1 басқа (бал ара ұясына) арналған субсидиялар |
16 228,78 |
12318,07 |
2589,12 |
Ескерту: маралдың (бұғының) жалпы аналық мал басы 2 972 бас (2 557 + 415) маралдың (бұғының) жалпы аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу бойынша субсидияның жоспарланған көлемі - 46 609 мың теңге (41 497 + 5 112) маралдың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге 1 бас үшін субсидиялардың нормативі орта есеппен 16 228,78 теңгені, бұғыларға 12 318,07 теңгені құрайды.
Шығыс Қазақстан облысы |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге 2014 жылға арналған субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты |
Өлшем бірлігі |
1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу |
бас |
3000 |