Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге және қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің "2014 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 2967 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3157 тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтарда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласы әкімінің | |
міндетін атқарушы | В. Головатюк |