Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі аппаратының 06.01.2015 N ШН-5/8 хаты).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты қүтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
13-1) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
14) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер;
15) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
16) 50 жастан асқан әйелдер;
17) 55 жастан асқан ерлер;
18) кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 жол картасының қатысушылары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 27.11.2014 № 8391 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Өскемен қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.П. Исаховқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |