Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 28.01.2015 № 30/2-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1303 қаулысына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 2/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-116 болып тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2012 жылғы 19 мамырда № 41санында жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы";
шешімнің және қосымшаның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ереже", "Ережесі", "Ережесін", "Ережеде", "Ережесіне", "Ережесінде" деген сөздер тиісінше "Қағида", "Қағидасы", "Қағидасын", "Қағидада", "Қағидасына", "Қағидасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тұрғын үй көмегін алуға отбасының (азаматтың) жиынтық табысы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтық) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс пен тұрғын үй жөндеу шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес есептеледі.";
3-тармақтың 4) тармақшасы жойылсын;
он бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар және осы мақсаттарға отбасыларының (азаматтардың) белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";
он алтыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
5-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы.";
5-тармақтың 9) тармақшасы жойылсын;
келесі мазмұндағы 20 тармақпен толықтырылсын:
"20. Осы Ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, |
|
Бесқарағай аудандық |
|
мәслихатының хатшысы |
Қ. САДЫҚОВ |