"Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 2/5-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/10-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 мамырда № 3285 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 30/2-V шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 28.01.2015 № 30/2-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1303 қаулысына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 2/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-116 болып тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2012 жылғы 19 мамырда № 41санында жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы";
      шешімнің және қосымшаның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ереже", "Ережесі", "Ережесін", "Ережеде", "Ережесіне", "Ережесінде" деген сөздер тиісінше "Қағида", "Қағидасы", "Қағидасын", "Қағидада", "Қағидасына", "Қағидасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
      2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үй көмегін алуға отбасының (азаматтың) жиынтық табысы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтық) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс пен тұрғын үй жөндеу шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес есептеледі.";
      3-тармақтың 4) тармақшасы жойылсын;
      он бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар және осы мақсаттарға отбасыларының (азаматтардың) белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";
      он алтыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      "Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
      5-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы.";
      5-тармақтың 9) тармақшасы жойылсын;
      келесі мазмұндағы 20 тармақпен толықтырылсын:
      "20. Осы Ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
 

      Сессия төрағасы,


      Бесқарағай аудандық


      мәслихатының хатшысы

Қ. САДЫҚОВ

О внесении изменений и дополнения в решение Бескарагайского районного маслихата от 6 апреля 2012 года № 2/5-V "О Правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бескарагайском районе"

Решение Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 31 марта 2014 года № 20/10-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 04 мая 2014 года № 3285. Утратило силу решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28 января 2015 года № 30/2-V

      Сноска. Утратило силу решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28.01.2015 № 30/2-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 1303 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и от 26 июня 2012 года № 856 "Об утверждении Правил постановки на учет граждан Республики Казахстан, нуждающихся в жилище, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" Бескарагайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Бескарагайского районного маслихата от 6 апреля 2012 года № 2/5-V "О Правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бескарагайском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-7-116, опубликовано в газете "Бескарагай тынысы" от 19 мая 2012 года №.41) следующие.изменения и дополнение:
      заголовок решения на государственном языке изложен в новой редакции, заголовок на русском языке не изменяется;
      внесены изменения по всему тексту решения и приложения на государственном языке, текст на русском языке не изменяется;
      в Правилах предоставления жилищной помощи, утвержденных данным решением:
      пункт 2 изложить в новой редакции:
      "Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилища и потребления коммунальных услуг устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 10 процентов.
      Совокупный доход семьи (гражданина) исчисляется согласно Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде";
      подпункт 4) пункта 3 исключить;
      абзац пятнадцатый изложить в новой редакции:
      "Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.";
      абзац шестнадцатый изложить в новой редакции:
      "Жилищная помощь оказывается, по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания).";
      подпункт 3) пункта 5 изложить в новой редакции:
      "3) копию книги регистрации граждан либо адресную справку, либо справку сельских акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя.";
      подпункт 9) пункта 5 исключить;
      дополнить пунктом 20 следующего содержания:
      "20. Отношения, не урегулированные настоящими Правилами, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Председатель сессии,


      секретарь Бескарагайского


      районного маслихата

К. САДЫКОВ